Күз түспей-ақ кей өңірлерде отын құны қымбаттап жатыр
Қыстың қамын жазда ойла. Астанада шенеуіктер биыл көмір тапшылығын болдырмаудың жолын қазірден қарастыруда. Күз келмей жатып қазір кей өңірлерде отын құны қымбаттап та үлгерді.
Автор: Асқарбек Қазанғап
14.08.2018
Бірақ министрліктегілер биыл тапшылық болмайтынына нық сенімді. Олардың айтуынша, жылу маусымында көмірден ешкім тарықпауы тиіс. Тіптен, осы нарықтағы жұмыстың аяқ алысын жіті қадағалайтын арнайы штаб та құрылған. Қазіргі уақытта елде 60 млн тонна көмір қоры бар. Инвестициялар және даму министрлігінің айтуынша, бағаның шарықтауына ең алдымен алып-сатарлар кінәлі. Бірақ, он жерден бақылау болғанмен көмір қымбаттамайтынына кепіл жоқ.
Роман Скляр, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі:
Біз апта сайын кәсіпорындардан шығатын көмір көлемін, олардың арнайы орталықтарға қанша көлемде жететінін қадағалаймыз. Ол үшін арнайы кесте дайындалды. Тұрмыстық қажеттілік үшін әзірге 5,5 млн тонна көмір бөлініп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!