{metadescription}
Алматы облысында бүтін бір ауыл мал ұрлаушылардан зәрезап болған
Алматы облысында бүтін бір ауыл мал ұрлаушылардан зәрезап болған

Алматы облысында бүтін бір ауыл мал ұрлаушылардан зәрезап болған

Алматы облысында мал ұрлаушылардан зардап шеккен бүтін бір ауыл тұрғындары наразылық білдірді. Олардың айтуынша, қарақшылардың әбден басынып алғаны сонша, олжалаған малын үйдің тура іргесінде сойып алатын болыпты. Дәніккен ұрыларға, тіпті, қабаған иттер де қарсылық көрсете алар емес. Түн жамылып келетіндер төбеттерге ұйықтататын дәрі беріп, тіпті ұрып өлтіретін...

рінеді. Бұдан зәресі қашқан көктөбеліктер өз өмірі үшін үрейленіп отыр.

Бұл ауылда былтырдан бері тыныштық жоқ. Ұрылар соңғы кездері тіпті жиілеп, күнде бір үйге түсетінді шығарыпты. Осылайша, небәрі бір айда жылқы, сиыр, бұқасы бар 17 бас мал қолды болған. 

Мірболат Әбен, Көктөбе ауылының тұрғыны:

  •  Тағы бір отбасы бар олардың екі сиырын алып кетті сауып отырған. Мына балалардың жылқыларын алып кетті. Мына баланың да жылқысын алып кетті, міне! Сұмдық қой! Ешқандай  шара қолданып жатқан жоқ!  Бұл ұрлық не ашылып жатқан жоқ! Оған ешкім қызығушылық жасап жатқан жоқ! Байғұс қарапайым қазақтар асырап отырған малдарынан айырылып, шыр еңіреп жүр.

Әсіресе, сүт сатып қана күнін көрген отбасылардың жағдайы қиындаған. «Мал ұрланды» деп арыз жазбаған адам қалмапты ауылда. Бірақ осы күнге дейін ұсталған бір күдікті жоқ. Зығырданы қайнаған жұрт қос-қостан қабаған ит асыраған. Алайда, ит екеш иттің өзі ұрылардан жәбір көріп жатыр.  

Өткен аптада ғана ұрылар міне мына шарбақтан екі бірдей сиырды жетектеп алып кетіпті. Оның бірі буаз болған. Бұл үйде ит жоқ емес, бар. Бір емес, екеу. Бірақ ертесіне таңертең қожайындары ол екеуін ұйықтап жатқан жерінен тауыпты. Сөйтсе ұрылар үй күзетшілеріне шұжыққа дәрі қосып беріп кеткен екен. 

Ал Виктордың екі бірдей итін ұрылар өлтіріп кетіпті. Осылайша, емін-еркін тайрандаған қарақшылар енді үркуді қойып, ұрлықы малды алысқа ұзамай-ақ сойып алатын болған. 

Азамат Кетпенов, Көктөбе ауылының тұрғыны:

  •  Көшенің аяғында сойып кетті. Басын тастап кеткен. Ішінде бұзауымен сойып кеткендер бар. Бейіттің ішінде сойып кеткендер бар. Ал ол да ашылып жатқан жоқ!Үйден ұрлап жатыр ғой! Өрістен емес, таудан емес, бақтан емес! Түнде келеді, қорадан алып жатыр.

Рыскелді Боқаев, Көктөбе ауылының тұрғыны:

  •  Табуға болады, мүмкін емес! Осы жерде бір группа адам бар. Ішінен де ілеміз, сыртынан да ілеміз, сұлу әйелім бар, сол әйелімді ұрлап кете ма деймін! Сұмдық қой мынау!

Мұнда ұрылар ғана емес, тәртіп сақшылары да ұстатпай жүр. Тергеу барысын сұрамақ болған біздің ту сыртымыздан көре сала тұра қашты.    

Әзиз Абдуллаев, Көктөбе ауылының тұрғыны:

  •   Бұл кім еді? -Бұл біздің учаскелік пе! Сол ,қарамайды! Бізді көріп, қашып кетті ма сонда? Иә! Бағаналы бері сыртымыздан қарап тұрды. Бағана айтқам келеді десем, «ой немеге шақырдың», анау мынау.

Алды- артына қарамай қашқан ауыл инспекторы ақыры телефонын өшіріп тынды.

  • Сіздің байланысыңыз желіде, өтінеміз, абонент жауабын күтіңіз...

Учаскелік инспекторы ұстатпайтын ауыл тұрғындары енді түнгі ұйқыдан да айырылған. Айтуларынша, ұрлықты бір емес, бірнеше адам бірлесіп жасайтын көрінеді. Ұйымдасқан қылмыстық топтың барына сенімді жұрт енді қайтерін білмей дал. Айтқандай, бұл жағдайға қатысты Алматы облыстық ішкі істер департаментіндегілер де ләм демей отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде