{metadescription}
Жүк көлігі газ құбырын талқандап, бүкіл бір ауылды жарықсыз қалдырды
Жүк көлігі газ құбырын талқандап, бүкіл бір ауылды жарықсыз қалдырды

Жүк көлігі газ құбырын талқандап, бүкіл бір ауылды жарықсыз қалдырды

Алматы облысында газ құбырының астымен өтіп бара жатқан алып жүк көлігі оны қақ бөліп жіберді. Салдарынан құбырдан өрт шығып, Тұздыбастау ауылының 250 үй жарық пен көгілдір отынсыз қалды.  

Гүлнәр Күзембаева, Тұздыбастау ауылының тұрғыны:

  • Түнде қырғын болды мына жерде. Өрттен бәріміз қорқып кеттік. Енді газ, су, жарық жоқ, қиын болып жатыр. Кішкентай  балаларымыз  бар еді. Қиын боп тұр. 

Мына кадрларды түні бойы көз ілмеген тұрғындар түсіріпті. Газ құбыры жарылғанда көгілдір отын ауаға тараған. Ал  жүк көлігі газ ғана емес, электр желісін де зақымдағандықтан одан шыққан ұшқыннан  демде өрт лап ете қалған.  Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ. Тек 250 абонент осы уақытқа дейін көгілдір отынсыз отыр. Қазір газ құбырын құрылысшылар дәнекерлеп жатыр. Электр желісі де қайта тартылуда. Мамандар апатқа осы жерден салынған жаңа  тас  жол себеп болды деп отыр. Газ құбыры талап бойынша бес метр биіктікке тартылған екен. Алайда, жаңа жол төселген соң биіктігі жарты метрге қысқарыпты. Жүк көлігі соның кесірінен құбыр астымен өте алмай қалыпты.

Асан Медеуов, газ таратушы компанияның инженері:

  • Ол жерде газ құбыры алты жылдан бері  тұрған. Бұрын соңды мұнда оқиға болған жоқ.  Жаңа жол пайдалануға берілісімен апат орын алып отыр. Енді сол жолдың биіктігін ескеріп,  құбырларды қайта талапқа сай көтеретін боламыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде