{metadescription}
Алматылықтар Бердібек Соқпақбаевтың есімін мектепке қайтаруды талап етті
Алматылықтар Бердібек Соқпақбаевтың есімін мектепке қайтаруды талап етті

Алматылықтар Бердібек Соқпақбаевтың есімін мектепке қайтаруды талап етті

Қаламгерге жасалған қиянат! Алматыда мың жарымға жуық оқушысы бар мектепке белгілі жазушы Бердібек Соқпақбаевтың есімін қайтару жөнінде тағы да мәселе көтеріліп жатыр. Зиялы қауым өкілдерінің айтуынша, атақты қаламгердің аты білім ошағынан 4 жыл бұрын алып тасталған. Себебі, бұл мектеп 2014 жылға дейін Алматы облысының аймағында болып, кейін қалаға өтеді. Бірақ ауыс-түйіс уақытында кезіндегі облыс әкімінің мектепке Соқпақбаевтың атын беру жөніндегі шешімі табылмай қалыпты.

-Бұл мектептің іргетасы 1992 жылы қаланған. Арада бір жыл өткен соң білім ордасына қазақ əдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың есімі беріледі. Алайда 2014 жылы жазушының атын алып тастап, №188 жалпы білім беретін мектеп болып өзгертілген. Содан бері қаламгердің есімі қалтарыста қалып, олқылықтың орны толар емес.

Қарымды қаламгердің есімі қайтарылсын деп дабыл қаққандардың бірі - белгілі ұстаз Сағатбек Медеубекұлы. Оның айтуынша, 25 жыл бұрын білім ошағына Бердібек Сопақбаевтың аты лайық деп танылғанда жергілікті билік пен әдебиетшілер қызу қолдаған. Бірақ қазіргі қиянатты айтуға ауыз бармайды дейді ол. 

Сағатбек Медеубекұлы, білім беру ісінің құрметті қызметкері:

-Қазақтың атын әлемге әйгілеген, қазақтың ғана емес, адамзатқа ортақ игіліктерді, құндылықтарды дәріптеген аты мәлім жазушының атын бір мектепке қимау деген санаға сыймайды.  Әйтеуір, 188-ші қазақ орта мектебі болып шыға келді. Бердібектің аты түсіп қалды.

Жазушының есімін қайтаруды сұрағандар 4 жыл бойы талмай талап етіп келеді. Алайда әзірге еш өзгеріс жоқ. Себебі, кезінде Алматы облысының аймағындағы мектеп қаладағы Наурызбай ауданына өткенде заңды құжат табылмаған. Яғни мектепке Соқпақбаевтың есімін беру жөніндегі облыс әкімінің шешімі ұшты-күйлі жоқ болып шыққан. Бірақ білім ордасының басшылығы қаламгердің аты көзден кетсе де, көңілден кетпейді деп ант-су ішіп отыр.

Раушан Жұмаділова, №188 мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:

-Бірақ оны мүлдем алып тастады деп айтуға келмейді. Қазір біз 188 мектеп болып тұрғанмен сайтта Соқпақбаев атындағы деп тұр. (Бердібек Соқпақбаев мәселесіне қатысты тәрбие сағаттары, туған күніне қатысты үлкен іс-шаралар өтіп тұрады. Көркем сөз оқу, әңгіме оқу болсын, жылда көптеп жүргізіледі.

Алайда мектеп ішінде кіре берістегі мына бір сөйлемнен басқа Бердібек Соқпақбаевқа қатысты ештеңе кезіктірмедік. «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Өлгендер қайтып келмейді» секілді керемет туындылар қалдырған жазушының 20 жыл бойы маңдайшасына есімі жазылған мектептен бір ізі табылмауы көңілді күпті ететіні ақиқат. Ал, заңды шешімді іздеуге бел шеше кірістік деген мектеп басшылығы жан-жаққа сұрау салып, қаламгердің есімін қайтарудың қарекетін жасап жатқанын айтады. Бірақ көпшіліктің арман-тілегі қашан орындалатыны белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.