{metadescription}
Астанада мектептерге бала санына қарай ақша бөлінбек
Астанада мектептерге бала санына қарай ақша бөлінбек

Астанада мектептерге бала санына қарай ақша бөлінбек

Астаналық мектептер енді оқушы  үшін таласатын болады. Себебі әкімдік білім ордаларына  қаржыны  адам санына қарай бөлмек. Сынақ ретінде жүргізілген тың әдіс жақсы нәтиже берген соң, елордалық шенеуніктер 1-ші қыркүйектен бастап бұл тәжірбиені  тағы 80 мектепке енгізгелі жатыр.

Мәселен, мектепте мың бала оқиды делік: 600-і жоғары , 400-і бастауышта . Ересек сыныпта оқитындардың жан басына  230 мың, ал төменгілеріне 160 мың жұмсамақ. Сөйтіп білім ордасы қалалық бюджеттен шамамен 200 миллион теңге алады.  Яғни сынып жоғарылай берген сайын бөлінетін ақша көлемі де ұлғая береді. Осылайша, атқамінерлер бәсекелестік орта қалыптасырып, директорларды ұл-қыздың соңынан өздерін жүгіртуге мәжбүрлемек. Бұдан басқа  Астана мектептеріне оқулық сатып алу үшін жергілікті қазынадан  2 миллиард 700 миллион жұмсалыпты. Кадр тапшылығын шешу үшін әкімдік жас мұғалімдерді жатақхана мен хостелдерде тегін тұрғызбақ.Ал қыстырылып қымтырылып үш ауысымда оқып жүрген балалардың  бұл азаптан  құтылуы үшін тағы бірнеше жыл шыдай тұруларына тура келеді.

Әнуар Жанғозин, Астана қалалық білім басқармасының басшысы:

- Алдағы 4 жыл ішінде,24 мектеп пен 10 жанама құрылыс жоспарлануда. Бұл мектептер 3 ауысымдық деген мәселені шешеді. 7 жыл бұрын мектептерде 70 мың бала болса,қазір бұл көрсеткіш 150 мыңға жетті. Ол инфрақұрылымға  үлкен жүк.Сондықтан бұл мәселені шешу үшін үлкен қадамдар жасап жатырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.