Назарбаев Тоқаевқа депутаттардың немен айналысуы керектігін түсіндірді
Парламент депутаттары демалыстан шыққан соң ең бірінші кезекті немен айналысатыны белгілі болды. Әріптестері алаңсыз тынғып жатқанда, бүгін Сенат төрағасы президент алдында есеп берді. Елбасы болса, халық қалаулыларымен бірігіп шешетін жұмыстың көп екенін айтты.
Автор: Ербол Сейілхан
15.08.2018
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Каникулдардың барлығы аяқталып келе жатыр. Қайтадан сессия басталады. Өткен жылы көп шаруалар жасалды. Парламент 84 заң қабылдады. Алдымыздағы сессияда істейтін шаруалар бар. Экономикада көп нәрселер шешеміз тағы да. Халықаралық жағдайлар бар дегендей.
Нұрсұлтан Назарбаев Сенат спикерін әдетте министрлерді қабылдайтын залда емес, тура жеке жұмыс кабинетінде сөйлесті. Бұл Конституцияға сай, лауазымы бойынша елдегі №2 адамға көрсетілген құрмет болса керек. Осы жерде Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алдымен сессия басталған бойда Ақтауда қабылданған Каспийдің құқықтық мәртебесі жөніндегі конвенцияны тезірек ратификациялауды тапсырды. Сонымен қатар 5 әлеуметтік бастамада айтылған яғни тұрғын үй, жатақхана салу,салықты азайту сияқты маңызды шаруаларды Үкіметтің қалай жүзеге асырып жатқанын қатаң қадағалауға пәрмен берді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!