Ердоған Трамппен ашық айқасқа шықты
Санкциялар соғысы. АҚШ тың Түркияға қатысты соңғы шектеулері президент Тайып Ердуанның ашуын тудырғандай. Трамптың тырнағын батырмақ болған әрекетіне жауап ретінде Түркия Америкадан келетін тауарларға салықтың құнын бірден шарықтатты.
Автор: Асқарбек Қазанғап
15.08.2018
Ердуан қол қойған құжатқа сәйкес, АҚШ тан импортталатын темекі өнімдері 60, ішімдік 140, көлік 120, күріш 50, жеміс-жидекке салынатын салық 20 пайызға аспандады. Өткен жұмада Дональд Трамп Түркиядан келетін алюминий мен болатқа баж салығынын екі есеге өскенін мәлімдеген еді. Содан бері Вашингтон мен Анкара арасында көрінбес қамал қаланды. Тіптен, Ердуан елдің доллардан бас тартатынын айтты. Айта кетейік, АҚШ осыған дейін Ресей мен Қытайдан әкелінетін миллиардтаған доллардың тауарына санкция салды. Дональдтың бұл әрекетіне наразылықтарын білдірген бірқатар елдің басшылары Дүниежүзілік сауда ұйымына арызданды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!