{metadescription}
Алматыда атышулы базар ақыры жабылып  тынды
Алматыда атышулы базар ақыры жабылып  тынды

Алматыда атышулы базар ақыры жабылып тынды

Алматыда бұрынғы Саяхат автобекетінің орнында он жылдай жұмыс істеген  базар ақыры жабылып  тынды. Саудагерлер жаңа  жылға дейін уақыт берсін деп талай рет наразылық шарасын өткізсе де, одан еш нәтиже шықпады. Тіпті аштық жариялаймыз деген жұрт енді тауарларын алып, өзге базарларды жағалап кетті.

Талай жыл осы жерде саудасын қыздырған мына жұртта  маза жоқ. Көлік жалдап тауарлары мен өзге де дүниелерін тиеп жатыр.

-Саудагерлер бұл жерге бутиктерге ұқсайтын шағын сауда орындарын да салып алған екен. Енді оны жер үйдің тұрғындарына отын мен қора қопсы  салуға сатып жіберіпті.  Олар өз ретінде оны  мынадай көліктерге тиеп әкетіп жатыр.

Бұл жерде базар осыдан он шақты жыл бұрын пайда болған.  Осы маңға жол айрығы түскенде, бұрыннан тұрған Саяхат автобекетінің ғимараты бұзылыпты.  Оның орнында қалған 4 гектардай жерді біреу жеке меншікке сатып алған. 2011 жылы Алматыда өткен Азиада ойындарының  қарсаңында шенділер қонақтардан  ұят болады десе керек, бос жатқан жерге  көше бойын жағалап тұрған саудагерлерді кіргізіпті.

Ажар Аманжолова, саудагер:

- Кіресіңдер, базар қыласыңдар деді. Базар қылдық. Енді көтеріліп келе жатқанда осылай істеп отыр. Бала-шаға оқуға бару керек. Кредит алдық бәріміз. Жолды жауып, халықты кіргізбей жатыр. Жер иесі мұнда заманауи сауда орнын саламын деп шешкен екен. Жобалық сметалық құжаттары да дайын. Құрылыс бастайын десе тек  осы саудагерлер ғана  кедергі боп тұр.  Былтырдан бері келе жатқан текетірес соңғы айда  шиеленісе түскен.

Ержігіт  Сәрсенбиев, «Саяхат Инвест» компаниясының учаске бастығы:  

-Өздерінің сұраған күндері 15 тамыз  болған.   Бүгін павильондарын бұзып жатыр. Ешқандай заңсыздық  жоқ. Бізге түнісіктікпен қарағандарына рахмет айтамыз.

Бұған дейін 300- ге  жуық  саудагерлер жер иесінен  тым құрығанда жаңа жылға дейін уақыт бер деп сұраған екен. Аштық  жариялаймыз дегендеріне де  көнбеген соң,  тамыздың ортасына дейін сауда жасайық деп жалыныпты. Қазір оларға өзге базарлардан орындар ұсынылған.  Алайда, жаңа  жерге жұрт үйренгенше жаңа оқу жылы қарсаңындағы сауданың нағыз  қызатын кезде қол қусырып қалдық дейді саудагерлер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.