Астанада студенттер дайындаған ең үздік IT жобалар таныстырлды
Отандық және шетелдік дарындар жаңа бағдарламалар жасап сайысқа түскен еді. Жүйрік шыққан жоба авторлары миллиондаған теңгеге ие болды.
Автор: Жәудір Оразхан
15.08.2018
Сұлтан Айтжанов, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры атқарушы директорының орынбасары:
-Биылғы қатысушылардың саны да көбейді екі есе және географиясы да көбейді. Неге десек, былтыр еліміздің балалары ғана болатын болса, биылғы қатысушылар еліміздің сыртына шығып отыр. 15 мемлекеттен тапсырыс келіп отыр.
Назарбаев орталығы «Method PRO» бағдарламасы аясында осымен екінші жыл ең талантты студенттерді жинап отыр. Ұйымдастырушылар жазда IT саласына ерекше қызығатын жастарды шақырып, қысқа мерзімді тәжірибеден өткізеді. Яғни, бұл бағдарламаға қатысқан программистер ірі-ірі компания өкілдерімен кездесіп, кәсіпкерлерден жеке тапсырыс алады. Оны бір-екі айда орындап шығуы тиіс. Биыл мыңнан астам өтініш түсіпті. Конкурстық іріктеуден өткен 200 адам тәжірибеден өтті. Сөйтіп, қатысушылар жалпы 8 миллион теңге табыс тапты. Үміткерлер мобильді, маркетинг, бизнес-талдау жасайтын бағдарламалармен жұмыс істеді. Үздік деп танылған жобаларды Бас прокуратура, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы және ұялы байланыс компаниялар пайдаланбақ. Жеңімпаздардың бірі – алматылық студент Шыңғыс Лекеров. Ол адамның сұрақтарына дыбыспен жауап қататын қосымшаны әзірлеген. Шыңғыс дайындаған қосымшаны жүктеп алсаңыз, ұялы телефонда әріп теріп, хат жазып отырмайсыз.
Шыңғыс Лекеров, үздік жоба авторы:
-Оны көп жерлерде пайдалануға болады. Мысалы, қазір біз банкке барғанда ұзақ уақыт тұрамыз ғой. Сол кезде жаңағы «Ботты» қосып қоюға болады. Бұл уақыт үнемдейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!