{metadescription}
Өзбекстан азаматтарының өліміне себепкер болған өртке қатысты сот Ақтөбеде өтетін болды
Өзбекстан азаматтарының өліміне себепкер болған өртке қатысты сот Ақтөбеде өтетін болды

Өзбекстан азаматтарының өліміне себепкер болған өртке қатысты сот Ақтөбеде өтетін болды

Ақтөбеде  Өзбекстанның 52  азаматының өліміне себепкер болған автобустағы өртке қатысты сот процессінің қайда өтетіні шешілді. Осыған дейін бұл істі облыс орталығынан 400 шақырым жердегі Ырғыз ауданында қарамақшы болған еді. Бірақ адвокаттар оған қарсы шықты.

Олар облыстық сотқа шағымданып, істі қалалық сот құзырына беруді талап етті. Өйткені, автобуста тірідей жанып кеткен марқұмдардың туыстары мен аман қалған 2 куәгер Өзбекстаннан келеді. Сондай-ақ, жауапқа тартылып жатқан бесеуі де еліміздің оңтүстік өңірінің тумасы. Олар да Ырғызға қатынауды алыссынып отыр. Әйтсе де, сот алқасы заңға сәйкес істі аудандық соттың құзырынан алуды құптамады. Өйткені, сотталушылар оқиға болған аймақта жауап беруі керек екен. Әйтсе де, алғашқы отырыс Ақтөбеде өтіп, оған ырғыздық судьяны алдыратын болды. Ол үкім шыққанша облыс орталығына қатынап жұмыс істейді. Естеріңізде болса осыдан жеті ай бұрын Ресейге бағыт алған автобус өртке оранып, 52 адам тірідей жанып кетті. Тек көліктегі үш жүргізуші мен екі жолаушы ғана тірі қалды. Енді сол үш жүргізуші сотта жауап беретін болады. Олардан бөлек жолаушы тасымалымен айналысқан компанияның механигі мен қожайыны да айыпталушылар қатарында. Бірақ соңғысы елден із жасырып, оған халықаралық іздеу жарияланған. Енді сот процессінің қай күні басталатыны әлі нақтыланбады. Ең бастысы істің облыс орталығында қаралатынына адвокаттар қуанып отыр.

Нұржамал Әжіғалиева, адвокат:

-Өзбекстан Республикасынан келетін көптеген жәбірленушілер бар. Одан қалды осы сотталып жатқан адамдардың да тума-туыстары бар. Олардың да келіп қатысқысы келеді. Сондықтан оларға да үлкен мүмкіншілік жасау керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде