{metadescription}
Кеденшілер қазақ-өзбек шекарасындағы кептелістің себебін түсіндірді
Кеденшілер қазақ-өзбек шекарасындағы кептелістің себебін түсіндірді

Кеденшілер қазақ-өзбек шекарасындағы кептелістің себебін түсіндірді

Қазақ-өзбек шекарасында кептеліс! 300-ден астам көлік бірнеше тәуліктен бері Өзбекстанға өте алмай тұр. Аптап ыстықта , әсіресе, тонналап азық-түлік тиеген жүргізушілер титықтаған. Алайда, шекарада түнеуге мәжбүр болған оларға мән-жайды ешкім түсіндірмей жатыр екен.

-Жұмыстары нашар. Біресе тамақ, біресе кофе ішіп жайбарақат жүріп алады. 

Кеденшілерінің сылбырлығына ашынған бұл Сербия азаматтары. Айтуларынша, шекарада алты күннен бері тұр. Ал 10 шақырымға дейін созылған кептеліс әлі таусылар емес. Тұрған көліктің саны 300-ден асады. 40 градустық аптап ыстықта шетелдіктер әзер жүр. Сөздеріне қарағанда, кеденшілер жүк тиегендерді тек түнде ғана өткізіп жатыр екен. Оның өзінде тек бір-екеуін ғана. «Бауыржан Қонысбаев» кеден бекетіндегі бұл жағдай бірнеше аптадан бері жалғасып келеді екен. Кедендік бақылау басқармасы қапылысты Өзбекстанның басқа елдермен сауда-саттығының артуымен түсіндірді. Төрт есеге дейін көбейген көлік ағыны тексерісті қиындатқан. Шекарадағы кептеліс бұдан да шиеленісе түсуі мүмкін деді кеденшілер. Өйткені, қазан айынан бастап бекет күрделі жөндеуге жабылады.

Алтынбек Килібаев, Мемлекеттік кірістер комитеті кедендік бақылау басқармасы бастығының міндетін атқарушы:

- Өзбекстан Республикасы қазір заңнамасына өзгерістер енгізіп жатыр. Соған орай, көлік ағыны жақын күндері басқа өткізу пунктері арқылы өтетін болады. Яғни, «Қазығұрт», «Атамекен», «Қапланбек» бекеттері арқылы Өзбекстан тарапынан шектеулер алынып, кептеліс азаяды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде