{metadescription}
Адам өлтірген Александр Кузнецовқа іздеу жарияланды
Адам өлтірген Александр Кузнецовқа іздеу жарияланды

Адам өлтірген Александр Кузнецовқа іздеу жарияланды

Өз елінде абақтыда отырғанша, өзге елде бас сауғалаған дұрыс. Күні кеше қашып кетті деген Александр Кузнецовтың анасы ұлының әрекетін дұрысқа балап отыр. Бірақ, қашқанын жұрт қатарлы білгенін айтады. Естеріңізге салсақ, 2015 жылы Алматыдағы белгілі түнгі клубта жанжал шығып, бір адам ажал құшты. Александр айыпты деп танылып о баста 8 жылға түзету колониясына жіберілді. Биыл шілденің басында қалған мерзімі үшін айыппұл төлеп шыққан Кузнецовты зардап шеккен жақ қайтадан түрмеге тоғытпақшы. Александрға қосымша айып тағайындалуы мүмкін бе?Оның әрекеті қаншалықты заңға...

йшы?

Жазаны айыппұлға алмастырған Кузнецов бостандыққа шілденің екісі шыққан еді. Арада ай жарым өтпей, Алматы облыстық соты ол қаулының күшін жойды. Бірақ, соңғы шешім күшіне тек кеше енді. Ал, Кузнецов болса тамыздың 14- де ізім-ғайым жоғалды. Тіптен, анасына да айтпаған. Ирина баласы былықтан басын ала қашқанын құптап отыр.

Ирина Кузнецова, А.Кузнецовтың анасы:

-Меніңше, оған күн көрсетпейтін еді. Ол кінәлі емес. Бізге барлық жақтан қысым болып жатыр. Соңғы жағдайлардан денсаулығым да күрт нашарлап кетті. Қандай жағдай болмасын түптің түбінде шындық ашылып, балам ақталатынына сенемін.

Кузнецовтың адвокаты Алма Мусина да оның жазықсыз екенін жақтайды. Соңғы сотта Александрдың ақтығына айғақ болар дәйектерді судья ескермей, нақақтан нақақ қосымша жаза арқалатқаны қиянатқа тең дейді. Бірақ, оған іздеу жарияламас бұрын сот Александрды ескертуі керек дейді.

Алма Мусина, А.Кузнецовтың адвокаты:

-Он төртінде кетіп қалса ол кезде заңды түрде ары бері жүруге құқығы болды. Себебі, күшіне енген жоқ Алматы облыстық сотының қаулысы күшіне енген жоқ болатын.  Көңілі қалған шығар деп ойлаймын.

2015 жылдың 6- шы наурызында Гоголь көшесінің бойында орналасқан барда жанжал шығып, бір адам ажал құшты. Александр айыпты деп танылып 1 жарым жылға түзету колониясына жіберілді. Кейін, марқұм Мұратқалиевтің денесі қайта эксгумацияланып, Кузнецовқа денсаулыққа қасақана ауыр зиын келтіру бабымен 8 жыл жаза тағайындалды.

-Алматы облыстық сотының кеше күшіне енген қаулысы бойынша Кузнецов колонияға оралып, жазасын өтеуі тиіс. Прокуратура Александр өз еркімен келмесе іздеу жарияланатынын да айтты.  Негізгі болжам бойынша, Кузнецов Қазақстаннан қашып, басқа жақта бой тасалап жүр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде