{metadescription}
Қарағандыда биіктен құлаған бала бір ажалдан аман қалды
Қарағандыда биіктен құлаған бала бір ажалдан аман қалды

Қарағандыда биіктен құлаған бала бір ажалдан аман қалды

Қарағандыда 3 жасар бала 4 –ші қабаттағы терезеден құлап кетті. Оқыс оқиға анасы дүкенге шығып кеткенде болыпты. Қарайды деп қасына қалдырған 7 жастағы үйдің үлкені бауырынан көз жазып қалса керек.

Қойшыбай Қазірбек Қарағанды қаласының тұрғыны:

- Жүгіріп кеп үстіге мінбекші болғанбыз.  Бірақ міне алмадық. Сосын мына құрылыстан сатыағаш алып келдік.  Мінгесін, алғашқы көмек көрсеттік. Бала тірі , бірақ жағы жыртылып кеткен.

Абырой болғанда, төртінші қабаттан  құлдилаған бала  үй астында орналасқан дүкеннің шатырына құлаған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар оны альпинистік дорбашаға салып төменге еппен түсіріп алды. Денесі көк ала қойдай болған бүлдіршіннің басына зақым келіпті. Дегенмен, сынықтан аман. Қазіргі жағдайы бірқалыпты дейді дәрігерлер. Жалпы осы жазда бір ғана Қарағанды облысы бойынша 14 бала терезеден құлап кеткен.   

Жанна Дәуренбекова Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз хатшысы:

- 14 баланың 3 еуі көз жұмды. Мұндай жағдайға басты себеп, баланың ата анасының немесе ересектердің қарауынсыз қалуы. Сонымен қатар, үй жиһаздарын терезеге жақын қоюға болмайды. Терезе толық ашылмайтындай механизмдер орнатқаны жөн. Қапыда қайғыға душар болып жатқандар көп.        

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде