Алматыда полицейлер аулаларды жаяу аралай бастады
Алматы әкімі Бауыржан Байбек тәртіп сақшыларын көліктен түсіріп, қара жаяу етті. Қызметтік машинада шіреніп отырып, көше кезген полиция қызметкерлері енді аулаларды жаяу аралайтын болды. Оларға көмекке әскерилер де тартылған.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
17.08.2018
Рүстем Әбдіғалив, Алмалы аудандық ІІБ жергілікті полиция қызметі бастығының міндетін атқарушы:
-Қазіргі уақытта қызметкерлерімізді көпқабатты аулалардың ішіне жібердік. Себебі, қылмыстың көп пайызы аулалардың ішінде болады. Көлік ұрлау, көліктің ішінен ұрлау, терезе шағып, төбелес , ішімдік көп ішеді аулаларда.
Алматы әкімдігі мен Ішкі істер департаменті басшылығының бірігіп мұндай шешім қабылдауына белгілі спортшы Денис Теннің өлімінен кейінгі қоғамдағы қызу пікірталас себеп болса керек. Бұрын тек көлікпен жолда жүріп, жаяу жүргіншілер өтетін тура жолды ғана бақылауда ұстайтын полицейлер енді әрбір ауланы сүзіп жүруі тиіс. Мысалы, шаһардағы тұрғындар ең көп шоғырланған Алмалы ауданында 6 қызметтік көлікті тізгіндеген 18 қызметкер ғана көше патруліне шығатын. Енді олардың жанына ерген 50-ден астам сарбаздан құралған жасақтардың бір ауысымда 500 ауладағы қауіпсіздікті қадағалауға қауқары бар екен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!