{metadescription}
Мыңдаған шенеунік Шымкенттен Түркістанға көшті
Мыңдаған шенеунік Шымкенттен Түркістанға көшті

Мыңдаған шенеунік Шымкенттен Түркістанға көшті

Жаңа облыс орталығына ат басын бұрған ақ жағалыларды шымкеттіктер салтанатты түрде шығарып салды.

Әжелердің ақ батасынан кейін шенеуніктер көп кідірмеді. Жүктерін жинап, арнайы автобустарға жайғасты. Көшті облыс әкімінің өзі бастады. Орынбасарлары, аппарат басшылары, 28 аймақтық басқарма қызметкерлері, 24 обылыстық басқарма мамандары бірі қалмай, бәрі көлікке отырып тарихи қалаға жолға шықты. Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 19 шілдесінде президенттің бұйрығымен Түркістан қаласы жаңа құрылған Түркістан облысының орталығы болды. Ал Шымкент-республикалық маңызы бар қала атанды. Түркістан облысының басшысы болып бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысын басқарған Жансейіт Түймебаев тағайындалды.

Жансейіт Түймебаев, Түркістан облысының әкімі:

-Мінекей біз үлкен көшті бастайын деп отырмыз. Бүкіл баасқармалардың қызметкерлері сол жерде дайындалған офистерге барып жұмыстарын бастайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде