Алдағы жылға жоспарланған халық санағы электронды түрде өтеді
10 жыл сайын өтіп тұратын жаңа науқанда миграция, неке мен бала тту мәселелеріне қатысты сауалдар көбейіп, ұзын ырғасы 45 сұрақ болмақ.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
17.08.2018
Яғни, бұрынғыдай азаматтар туралы мәліметтер қағазға жазылмайды. Халық санағына тартылған мамандар барлық ақпаратты арнайы планшетке енгізбек. Бұл жиналған мәліметтерді тезірек өңдеуге септігін тигізеді дейді мамандар. Сондай- ақ кез келген жан өзі ғаламтор арқылы санақтан өте алады. Ол үшін арнайы сайтқа кіріп, 45 сұраққа жауап берсе болғаны. Бәрі дұрыс болған жағдайда, оның ұялы телефонына осы науқанға қатысқаны туралы смс хабарлама келеді. Жаңа анкетаға «шет елге кеткіңіз келе ме» деген сынды көші қонға қатысты сауалдар енгізілген. Неке мен бала туу туралы мәліметтер де нақтыланбақ. Тек ел азаматтары ғана емес, Қазақстанда уақытша не тұрақты тұрып жатқан шетелдіктер де есепке алынады. Естеріңізге салсақ, соңғы рет халық санағы елімізде 2009 жылы өткен еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!