{metadescription}
Алматыда кассалық аппараты жоқ саудагерлерге тықыр таянды
Алматыда кассалық аппараты жоқ саудагерлерге тықыр таянды

Алматыда кассалық аппараты жоқ саудагерлерге тықыр таянды

Алматыда сауда нүктелері жаппай тексерілуде. Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерінің айтуынша, ескертуді елемеген саудагерлер табысын жасырып, салықтан жалтаруын қоймаған. Яғни кассалық аппаратты қолданбайтын кәсіпкерлердің қаншалықты табысқа кенелетінін білмейміз дейді құзырлы мекеме өкілдері. 

Кассалық аппараты жоқ кәсіпкерлерге 36 мың теңгеден айыппұл салынды. Бірақ табысын көрсетпейін саудегерлердің қатары 2 мыңға жуық екен. Ал сауда-саттық орындарында биылдан бастап енгізілген онлайн түрдегі аппарат ілуде біреу ғана. Алайда келер жылдан бастап саудагерлер осы қондырғыны қолдануға міндеттеледі. Онлайн жүйе арқылы кәсіпкердің әр қадамын бақылап, түскен ақшаны сол сәтінде есепке аламыз дейді департамент өкілдері. Себебі, жаңа кассалық аппараттың көмегімен бір жылда 2 миллард теңгеден астам жасырын табыс анықталып, 37 миллион теңге мемлекетке салық есебінде қайтарылған. Айта кетейік, Алматыдағы 61 базарда заңды 12 мыңнан астам жеке кәсіпкер тіркеліпті. Олар былтыр 9 жарым миллард теңге көлемінде  салық төлеген.  

Нұрболат Жұмаханов, Алматы қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы:

-Күнделікті қанша чек ұрып отырғанын көріп отырамыз. Мысалы, саудагер бір күнде 10 чек көрсетуі мүмкін. Ал, негізінде ол жерге күніне 100 келеді. Біз қалған 90 чекті сол арқылы бақылауға аламыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде