{metadescription}
Жамбылда суға кеткен қос баланың мәйіті табылмай жатыр
Жамбылда суға кеткен қос баланың мәйіті табылмай жатыр

Жамбылда суға кеткен қос баланың мәйіті табылмай жатыр

Жамбыл облысында каналға батып кеткен екі баланың бірінің мәйіті бес күннен бері табылмай жатыр. 100-ден аса адам іздеу жұмыстарына жұмылдырылғанымен әзірге еш нәтиже жоқ.

Ержан Шанбаев, Жамбыл облыстық ТЖД жедел құтқару жасағының құтқарушысы:

- Судың терең болуы  кедергі келтіріуде. Негізі іздеу жұмыстары 10 күн жүргізіледі. Одан кейін тоқтатылу керек. Себебі мәйіт су бетіне қалқып шығуы керек.

Оқыс оқиға Шу ауданында болған. Ерікті, құтқарушы және әкімдік өкілдерінен құралған топ 120 шақырымдық каналды басынан аяғына дейін сүзіп шығыпты. Сүңгуірлер де су астынан қарап жатыр. Іздеу жұмыстарына кедергі келтіргені үшін судың деңгейін де түсіріп, табанын тексерген. Сонда да 11 жастағы баланың денесі көзге көрінбеді. Іздеу жұмыстары әлі жалғасуда. Айта кетейік, осыдан бес күн бұрын «Левобережный» каналының рұқсат етілмеген жеріне шомылған 10 және 11 жастағы екі ер бала суға батып кеткен болатын. Біріншісінің мәйіті қайғылы жағдайдың ертесіне-ақ табылған. Жалпы, сегізінші тамыздан бері Жамбыл облысы бойынша 8 бала суға ағып кетіпті. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде