Алматыда жаңа ғана жөнделген жерасты өткелін бүлдіріп кеткен бұзақы іздестірілуде
Бояуы да кеуіп үлгермеген қабырғаларды шимайлап кеткен ол бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Автор: Мақсат Мәлік
21.08.2018
Бүлінген - Қалқамандағы 7-ші аурухананың алдындағы жер асты өткелі. Өтіп бара жатқан екі жаяу жүргіншінің бірі қолына әлдебір затты алып, күні кеше ғана сырланып біткен қабырғаны сызғылай бастайды. Егер айыпты құрықталса ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауакершілікке тартылады. Айта кетейік, Алматыда шуға айналған 56 жер асты өткелінің 48-і күрделі жөндеуге жабылған болатын. Оны жаңғыртуға 2 жарым миллиард теңге бөлінген. Адам танымстай өзгерген өткелдерге бейне бақылау орнатылыпты. «Соның арқасында бұзақыны табу қиынға соқпайды» дейді полицейлер.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!