Ақтөбе облысында жүзден аса асыл тұқымды сиыр қырылып қалды
Шаруа қожалықтарының бірінің шетелден жеткізген ірі қара шөпке уланған.
Автор: Жаңалық Ахаш
21.08.2018
Қопа ауылының іргесіндегі қоршауда теңкиіп, қарындары ісіп өлген сиырлардың барлығын бауыздапты. «Актеп» серіктестігі басшыларының сөзінше, сойылған ет пен сүйектерін тоңазытқышы бар қоймаға сақтап қойған. Кейін оны өртеп, көзін құртпақшы. Әзірге тексеру қортындысының толық шыққанын күтіп отыр. Дегенмен, ветеринарлар Зеңгі баба тұқымына кесірдің есек мия шөбінен келгенін айтады. Себебі шетелден жеткізілген сиырлар ақырға салған шөпті талғамай жей береді екен. Енді улы шөптің фермаға қалай жеткізілгенін тергеушілер анықтайтын болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!