"Қазгидромет" тұрғындарға ескерту жариялады
Ал синоптиктердің де болжамы көңіл көншітпейді. Метеорологиялық қызмет айт күндері Орталық пен Солтүстік, Шығыс және Батыс Қазақстан облыстарында қатты жел тұрады. Найзағай ойнап, жауын жауады деп ескертуде.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
21.08.2018
Мысалы еліміздің солтүстігінде қазір ауа райы 10 градус қана. . Жұрт қара күздік етігі мен күртелерін киіп жүр. Алдағы күндері Петропавл, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Қарағанды облыстарында екпіні секундына 15-20 метрге жететін қатты дауыл тұрады. Суық аға ағымының әсерінен кейбір жерлерде тұман түседі деп күтілуде.Еліміздің шығысындағы жағдай да дәл осындай болмақ. Шығыстағы жұрт та жаздың аптабын ұмыта берсе болады. Бұл өңірлерде күн жауын-шашынды. Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке күшейеді. Алайда айттың үш күні өткен соң күн қайта ысып, өңір халқы үшін жаз жалғасады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!