{metadescription}
0:000:00
​Алматыда жалғызбасты ана үш баласын мектепке дайындай алмай елден көмек сұрады

​Алматыда жалғызбасты ана үш баласын мектепке дайындай алмай елден көмек сұрады

Екі егіз ұл мен бір қыз тәрбиелеп отырған Роза Ремқұлованың үйінен өрт шығып, дүние-мүлкімен қоса, балаларының киімі мен мектепке керек-жарағы бәрі түгі қалмай жанып кетіпті. Асханада ыдыс жуып күнін көрген келіншектің жаңасын сатып алуға қаржысы жоқ. Ал оқу жылының басталуына болса, санаулы күндер қалды. Әйел балаларының мектебіне деп ағайындарынан көмек сұраған. Алайда, ешбірінен де жәрдем болмай жатыр екен.             

Киім сөресін көрсеткен Роза Ремқұлова көз жасына ерік берді. Айтуынша, үйінде алапат өрт боп, біраз дүние-мүлкімен қоса, балаларының мектеп киімдері де өртеніп кетіпті. Аман қалғаны осы қыстық күртешелер ғана. Асханада ыдыс пен еден жуып күнелткен ана жаңа оқу жылы жақындаған сайын өзін қоярға жер таппай отыр. 

Роза Ремқұлова:

-Балаларым 1-ші қыркүйекте қатарластарынан қалмай, мектепке барса екен деймін. Бірақ, жаңа киім тұрмақ, мектеп сөмкесін сатып алуға да ақшам жетпей жатыр. Түнімен ұйықтамай, осыларды уайымдап шығам. Туысқандарыма көмек сұрап бардым. Бірақ, олар көмек бере алмаймыз деп қайтарды.

Қызы алтыншы сыныпқа өтсе, егіздері 4-ші сынып табалдырығын аттауы тиіс. Үшеуі де жаңа оқу жылын асыға тосып жүр.          

Рашмина Ремқұлова:   

- Сөмке, пенал, қарындаш керек.

Дегенмен, Рашмина мен Расыл, Рақымның биыл мектепке бара алмай қалатын түрі бар. Жалғызбасты ананың күнделікті табатын 2 мың теңгесі бала-шағаның тамағынан артылмайды. Тіпті, кейде жетпей қалып, аш жататын күндері жиі болады екен. Ал әкелері төрт жыл бұрын тастап кеткен. Балаларына жәрдем бермек түгілі, төбе де көрсетпейтін көрінеді. Ал тамақты көршінің үйінде дайындайды екен. Өйткені, қарыз болған соң жарық пен көгілдір отынын өшіріп тастаған. Үш баласымен жартылай өртенген үйді паналаған жалғызбасты ана тым болмаса балаларын мектепке жіберу үшін қайырымды жандардан көмек сұрайды.

Отбасы телефоны: 8 747 468 7675

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде