{metadescription}
Шалқар тұрғындары қарасора егіп байымақ болған
Шалқар тұрғындары қарасора егіп байымақ болған

Шалқар тұрғындары қарасора егіп байымақ болған

Ақтөбе облысының екі тұрғыны қарасора егіп, байымақ болған. Олар Шалқар қаласынан 35 шақырым жердегі алқапқа  есірткі шөбін жайқалтып қойыпты. Бірақ оны орып үлгермеді.

Ұлттық гвардияның сарбаздарын ертіп жеткен тәртіп сақшылары тексеру кезінде осы алқапқа тап болады. Қарасора еккендерді де осы жерден ұстайды. Күдікті дихандар жаз бойы көп өнім алу үшін барын салған. Есірткісі бар өсімдікке түрлі тыңайтқыштар сеуіп баптапты. Мұны кейін кептіріп сатпақ болғандарын қос күдікте де мойындап отыр. Олардан қарасораның 1300 түбі тәркіленді. Қазір Шалқар қаласының екі тұрғыны тергеу абақтысында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде