{metadescription}
Ақтөбе облысында қырылған малға улы шөпті қасақана берген болуы мүмкін
Ақтөбе облысында қырылған малға улы шөпті қасақана берген болуы мүмкін

Ақтөбе облысында қырылған малға улы шөпті қасақана берген болуы мүмкін

Ақтөбе облысында қырылған асыл тұқымды малдың басы екі жүз елуден асты. Есек мия жеп уланған бұл сиырлар аймақтағы ең ірі фермаға тиесілі. Сондықтан арам оймен біреулер уыты мықты улы шөпті мүйізді ірі қараға әдейі берген болар деп отыр.   

Кеңес Қанатбаев, Ақтөбе облыстық ветеринария басқармасының басшысы:

-Қасақана да істелді деген жорамалдар бар негізі. Ол енді мал иелерінің жорамалы. Сондықтан қазіргі таңда зертхана шешімдерін күтіп жатырмыз. Осы уақытқа дейін малдың еті ешқайда кеткен жоқ.

Қопа ауылындағы қожалықта қырылған малдың тең жартысын өртеп жіберген. Қалған жүзге тарта сиырдың еті мен сүйегі әлі тоңазтқышта сақтаулы тұр. Оны да бірер күнде жоқ қыламыз дейді мамандар. Бұған дейін уланған сиыр етінің комбинаттарға өтізіліп жатқанын айтып жұрт әлеуметтік желілерді шулатқан еді. Мұны тексерушілер де, ферма қожайындары да жоққа шығарды. Ал асыл тұқымды сиырлардың уланғанын малшылар дер уақытында байқамаған. Кешқұрым қораға қамарда аман болған Зеңгі баба тұқымының қарындары ісіп, теңкейіп өліп жатқанын тек ертесіне ғана көреді. Сондықтан түнделетіп жем-шөпті біреулер арамадап кетті деген ойда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде