{metadescription}
Елімізде биыл бидай бағасы қымбаттады
Елімізде биыл бидай бағасы қымбаттады

Елімізде биыл бидай бағасы қымбаттады

Жаңадан жиналған дәнді дақылдың тоннасы бірден 13 мың теңгеге өскен. Себебі, әлемдегі бидай өсіретін елдерде биыл өнім көлемі төмендеп кетіпті. Біздің Үкімет осы сәтті пайдаланып, отандық астықтың құнын көтеріп отыр.  Бұл біздің диқандар үшін тиімді болмақ. 

Өмірзақ Шөкеев, Ауыл шаруашылығы министрі:

-Егер былтыр бидай өнімі 35 мың теңге деңгейінде сатылса, қазіргі таңда 3-сыныпты бидайдың 1 тоннасы 48-49 мың теңге тұрады. Біз бағаның одан әрі көтерілуін күтудеміз. Бүгінгі күнде егін жинау жұмыстары  Жамбыл, Түркістан облыстарнда аяқталды.  95-96 пайыз. Осы өңірлерде бойынша орташа түсім гектарына 21 центнер.

Бірақ, бидай бағасы  нанның құнына еш  әсер етпейді екен. Наубайханалар мен нан зауыттарына  бидайды төмен пайызбен береміз дейді шенеуніктер. Сонда астықтың қымбаттауы  фермерлер үшін өте тиімді болмақ.  Жалпы, биыл егіс алқаптарынан 20 миллион тонна  астық жинау жоспарланған. Оның 10 миллионы экспортталады.  Қазір Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Қызылорда мен Шығыс Қазақстанда орақ  науқаны жүріп жатыр.  Шөкеев  диқандарға кедергі болып отырған мәселені де көтерді. Министрдің айтуынша, Үкімет фермерлерге арзан жанармай бөлгенімен, операторлар оны жеткізіп бергені үшін  үстіне тағы қосады. Сөйтіп, нарықтағы бағамен бірдей болып шығады келеді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде