{metadescription}
Көмір жеткізуді кешіктірген жамбылдық шенеуніктердің жайбасарлығы Үкіметке жетті
Көмір жеткізуді кешіктірген жамбылдық шенеуніктердің жайбасарлығы Үкіметке жетті

Көмір жеткізуді кешіктірген жамбылдық шенеуніктердің жайбасарлығы Үкіметке жетті

Биыл еліміздің екі өңірінде көмір тапшылығы сезілуі мүмкін.Себебі аймақтарға қатты отын тиісті мөлшерде жеткізілмей жатыр. Мәселен Алматы жоспарды небәрі 61 пайызға орындаса, Жамбыл облысы 71 пайыздық межеден аса алатын емес. Егер көмірдің тасымалдануы кешеуілдесе, күндері қатты отынға қараған тұрғындар қыста қалтырап отыруы мүмкін. Расымен осы жылы көмір тапшылығы бола ма, бағасы қаншалықты шарықтамақ?

Бүгінгі Үкімет отырысында Жамбылдық шенеуніктер өткір сының астында қалды. Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, аймаққа көмір жеткізілу кешеуілдеп жатыр. Еліміздің басым бөлігі қысқа қамданып сақадай сай отырғанда, Жамбыл мен Алматы атқамінерлері ай қарап жүрген көрінеді.    

Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:

-Мысалы жылу беру мауысымынан тамыз айына деген жоспары бойынша,71 мың тонна көмір жеткізілуі керек еді, іс жүзінде 24, 7 тонна ғана жеткізілді. Жоспар 34, 8 пайызға ғана орындалған. Алматы қаласында жоспар бойынша 23 мың тонна, іс жүзінде 14 мың тонна жеткізілді. Жоспар 61 пайызға орындалды.

Ведомство басшысы осы олқылықтың орнын тез арада толтыруды қатаң тапсырды. Ал министрдің айтқаны мен аймақ басшыларының берген мәліметі бір-біріне кереғар. Жергілікті шенділердің сөзіне сенсек, бюджеттік мекемелер мен тұрғындарды қатты отынмен қамту жоспарға сәйкес жүргізілуде.

Нұрбай Тілегенов, Жамбыл облыстық энергетика және ТКШ басқарма басшысының орынбасары:

-Әкелген бойда тұрғындарға таратылып жөнелтіліп жатыр. Негізі әкелу, тасымалдау тұрғындарға қыркүйек айында толық жеткізілуі керек. Сол кезде күн салқындай бастайды. Енді біз оңтүстік болғандықтан, қыс басталуға әлі екі ай уақыт бар. Кезең кезеңімен жүзеге асуда. Биыл проблема болмауы керек.

Көмір тасымалдаушылары да биыл қатты отын тапшылығы туындамайды деп отыр. Былтырғыдан сабақ алған бизнесмендер биыл ерте бастан қамданып, қойманы толтырып қойған.  

Еркін Құрбанов, кәсіпкер:

-Көмірден проблема туындамайды деп ойлаймын. Қажетті мөлшерде жеткізіліп жатыр. Сапасы да жақсы. Шағым айтуыға негіз жоқ қазір. Мен өзім 7 мың тонна әкеп түсірдім.

-Жамбылдағы қоймаларда қатты отын тау-тау болып үйіліп жатыр. Көмірдің әр тоннасы сапасына қарай 10 мың мен 15 мың теңге аралығында сатылуда. Күн суытса сұраныс та артып, бағасы да құбылатыны айтпаса да түсінікті. Мәселен өткен жылы бір тонна қатты отынның құны 25 мың теңгеге жеткен болатын. Ал бағаның шарықтауына шенеуніктер делдалдар кінәлі дейді.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде