«Мал сасып кетіпсің»: Осы сөзге ерегіскендердің төбелесі бірнеше адамның өлімімен аяқталды
«Мал сасып кеттің» деген бір ауыз сөз қан төгіске түрткі болған. Алматы облысында мамыр айында полиция майорының өлімімен аяқталған төбелеске қатысты сот басталды. Жанжалда жараланып ,аман қалған Қаһарман Жұманның айтуынша болмашы сөзден керіс басталып, соңы екі адамның өлімімен аяқталды. Ал, басты екі айыпты кінәлерін толық мойындамай тұр.
Автор: Асқарбек Қазанғап
22.08.2018
Отан қорғаушылар күніндегі апыр-топыр төбелеске ұласқан отырыс атпалдай екі азаматтың жарын жесір, балаларын жетім қалдырды. Қаскелеңдегі сот залы марқұмдардың жақындарына лық толды. Мылтықпен лаң салып, бір адамды атып, екеуін жаралады деген Іле Алатау мемлекеттік ұлттық саябағының қорықшысы Олжас Мейірханов басты айыпталушы. Қасындағы Әмір Әбубәкіров полиция мойорының арқасына пышақ сұққан екінші айыпталушы. Прокурор таққан айыппен екеуінің де толық келіскісі жоқ.
-Қорқыту мақсатында ғана ұрғанмын. Оған да қандай да бір ауыр жарақат, не өлтіру үшін ұрған жоқпын. Ойым болған жоқ сондай.
Оқиға жетінші мамыр Есік қаласындағы мейрамханалардың бірінде болған. Ішімдік құйылып, ду-ду әңгімемен отырған алты жігіттің арасындағы кикілжің «мал сасып кетсіпсің» деген сәтсіз қалжыңнан басталған екен. Айыпты Олжас атқан оқтан жараланған жәбірленуші Қаһарман Жұман сол күннің куәгері. Айтуынша, кешірек көлікпен жеткен Мейірханов пен Әбубәкіров мылтық пен пышақтарын ала жүгіріп мейрамхана маңын жанжал алаңына айналдырыпты-мыс.
Қаһарман Жұман, жәбірленуші:
-Менің есімде бары Олжас келіп кетті. Одан кейін бір атыс болды. Сол оққа қарай жүгіргенімде алдымнан Олжас шығып, қолында мылтығы бар, маған қарсы оқ атылғанын көрдім. Болды ары қарай құладым, одан әрі есімде жоқ.
Атышулы қылмыстың әлі түсініксіз тұстары көп. Төбелеске жалпы 9 адамның қатысы бар. Екеуі айыпты ретінде қамауға алынды. Біреуі бүгін жәбірленуші ретінде жауап берді. Қалған төрт адамды сот залынан көрмедік. Зар жылаған марқұмның жақындары айыптылардың енді артынан қалған балаларын кәмелетке толғанша жағдайларын жасауды талап етеді.
-Талабым сол, балаларымды жеткізіп берсін үш немеремді. Он сегіз жасқа дейін төлейтіннің бәрін төлесін. Әкесінің беретінінің бәрін осылар төлесін.
Мейірханов пен Әбубәкіровке қылмыстық кодекстің 106 шы және 99 баптары бойынша айып тағылып отыр. Бүгін жәбірленушілер мен куәгерлер тыңдалды. Екі тарап та әзірге өз дегендерінен таймай тұр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!