{metadescription}
Қарағандыда ойын баласын тоқ ұрып өлтірді
Қарағандыда ойын баласын тоқ ұрып өлтірді

Қарағандыда ойын баласын тоқ ұрып өлтірді

Қарағанды маңындағы «Жаңа Қарағанды» бекетінде 10 жастағы баланы тоқ ұрып өлтірді. Темір жолдағы вагондардың үстіне шығып ойнап, тоқтың соққысын оңбай алған бала бір тәуліктен кейін демі үзілген.

Есі кіресі шығасылы жатқан бала, жанындағы елден көмек сұрап шыбын жаны шырқырайды. Оқиға орнындағы жұрт балаға көмек бермек түгілі жанына жақындаудан сескеніп тұр. Сөздерінше ойын балалары бекеттегі вагондардың үстіне жиі шығады екен. Жауынды күні теміржол үстінен өтенін жоғарғы кернеулі сымдардан тоқ жайылса керек. Бала қаc пен көздің арасында болған соққының қайдан келгенін түсінбеген. Сұраған елге жауап та қата алмапты. Денесі оңбай күйіп, іш құрлысы зақымданған оны құтқару мүмкін болмады.

Айжан Иса Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

-Мақажанов атындағы клинкаға өте ауыр халде түсті. Денесінің 80 пайызын күйік шалған. Бала осы уақытта қайтыс болды, өкінішке орай.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде