{metadescription}
0:000:00
Алматы облысында жолаушыға лық толы автобустың аударылуына қатысты бірнеше болжам айтылды

Алматы облысында жолаушыға лық толы автобустың аударылуына қатысты бірнеше болжам айтылды

Салдарынан 29 адам зардап шекті. Түрлі дене жарақатын алып, миы шайқалған 5 адам ауруханаға жатқызылды. Оның екеуі бала. Құқық қорғау органдары апаттың нақты себебін анықтап жатыр.

-Оқыс оқиға бүгін сағат 11-лер шамасында Ащыбұлақ пен Батыр ауылдарының екі ортасындағы мына мен тұрған тас жолда болған. Барахолка базарына бет алған жолушылар автобусы дәл осы көлшікке қарай аударылады. Куәгерлердің айтуынша, қоғамдық көліктің рөлі істен шығып, жүргізуші тізгінге ие бола алмапты.

63 жастағы Ардақ Құсманова аударылған автобустағы жолаушылардың бірі. Иығы сынған ол жүргізушінің көмегімен автобустан әрең шықтым дейді.

Ардақ Құсманова зардап шегуші:

-Мен сол жағында отырдым. Кенет автобус аударылды. Есімді білем. Бірақ тұра алмадым. Адамдар абыр-сабыр шығып жатыр. Жүргізуші қолымнан тартып шығарды.

Кішкентай қызына оқу-құралдарын алу үшін базарға шыққан Әйгерім Әліпова да апаттан шошынып қалған. Құрсағында 4 айлық баласы бар жас ана гинекологиялық орталықта емделіп жатыр.

Әйгерім Әліпова зардап шегуші:

-Ең бірінші баламды ойлап. Ол қатты жарақат алмаған. Түсік тастауға қауіп бар дейді. Анализдердің қорытындычынан кейін белгілі болады.

Қоғамдық көлікте отыз шақты жолаушы болған. Оның 25-ы түрлі дене жарақатын алып, үйлеріне қайтарылған. Бес адам ауруханаға жатқызылды.

Гүлзия ОМАРХАНОВА Іле аудандық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары:

-Барлығының жағдайы қалыпты. Ересектерден үш адам реанимацияда жатыр. Он баланың 8-і үйлеріне жіберілді. Екеуі ауруханада бас жарақатымен жатыр.

Апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, нақты себебі анықталып жатыр. Жолаушылар Ащыбұлақ Батыр тас жолында көлік апаты жиі болатынын айтады. Ұзақ жылдар бойы жөндеу көрмеген тар жолға көліктер әрең сыяды екен. Апаттан зардап шеккендер қоғамдық көлікке отырудан қорқып қалған. Осы оқиғадан кейін жергілікті билік жолды жөндейді деген үміттері бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.