Сарапшылар теңгенің тағдырына қатысты болжам жасады
Сарапшылар теңге курсының төмендеуі экономиканың өсуіне оң әсерін тигізеді дейді. Доллардың теңгеге шаққандағы бүгінгі бағамы 363 теңге. Дей тұрғанмен олар жылдың аяғына дейін, 1 доллардың құны 380 теңгеден аспайды деп болжайды.
Автор: Саят Сабдалы
31.08.2018
Жыл басынан бері 1 доллардың құны теңгеге шаққанда 10 пайызға өсті. Бұл 2014 жылдағыдай үрей туғызатын көрсеткіш емес дейді мамандар. Бірақ, АҚШ тың Қытаймен сауда-саттық соғысы, Түркиямен шиеленісі және Ресейге жасалған санкциялары теңгеге кері әсерін тигізбей қоймады. Сауда саттық санкциясын қолдана отырып, Америка мұнай өндіру көлемін арттыруды да көздейді. Нарықта көлемі артатын қара алтын бағасының төмендеуі теңге мен рубльдің жағдайын мүшкілдетуі шартты құбылыс. Шикізатты экпортқа валютамен сатып, ел ішіндегі есепті теңгемен айырып отырған Қазақстан үшін әзірге қатты қауіп жоқ. Бірақ бұл уақытша дейді сарапшалыр. Теңге құлдырауын тоқтатпаса, өсетін инфляция деңгейі экономикаға кері әсерін де тигізбей қоймайды. Дегемен іс насырға шапса, Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізуге қауқарымыз жетеді деп отыр. Естеріңізге салсақ, Ұлттық Банк долларды тізгіндеу үшін бюджеттің миллиардттарын бөлуді 2 жыл бұрын тоқтатқан болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!