Ұстазын пышақтады деп күдікке ілінген студент қарашаға дейін қамауда болады
Ал Ресейде оқытушыны пышақтады деген отандасымыз Жасұлан Құдайбергеновты Мәскеу соты қамауда ұстау мерзімін ұзартты. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Ресейдегі Бауман атындағы техникалық университетте оқып жүрген жерлесіміз ұстазын суық қарумен өлтірмек болды деген күдікпен шілденің басында ұсталған еді.
Автор: Жәудір Оразхан
31.08.2018
30-тамызға дейін қамалған Құдайбергенов енді алдағы екі айын тергеу абақтысында өткізеді. Ата –анасы жекеменшік адвокат жалдапты . Қазақстандық аспирант өзі оқитын жоғарғы оқу орнының дәретханасында ұстазына пышақ сұққан деп айыпталуда. Жерлесіміз оқиға орнынан лезде ізін суытқанымен көп ұзамай жатақханада ұсталды. Ал бауырынан жарақат алған 28 жастағы мұғалімге ота жасалған. Байқоңыр қаласының тумасы Жасұлан Құдайбергенов сабаққа қатыспағаны және оқу ақысын төлемегені үшін Мәскеудегі мемлекеттік техникалық университеттен қуылған екен. Алдын ала болжам бойынша, студентті оқудан шығару туралы арыз жазған дәл осы жараланған ұстаз көрінеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!