{metadescription}
Мысырда жол апатына түскен отандастарымызға турфирма көмектесетін болды
Мысырда жол апатына түскен отандастарымызға турфирма көмектесетін болды

Мысырда жол апатына түскен отандастарымызға турфирма көмектесетін болды

Мысырда жантүршігерлік жол апатына түскен отандастарымыздың кімнің есебінен емделетіні белгілі болды. Сыртқы Істер министрлігінің хабарлауынша, барлық шығынды  жолдама сатқан      туристік фирма толық мойына алған.  

Еске салсақ ,  аударылған автобуста Қазақстанның 22 азаматы болған. Құдай сақтап туристердің көбі жеңіл жарақат алды.  Тек 2 отандасымыз жергілікті ауруханаға жеткізілген. Бірақ олардың өміріне төнген қауіп жоқ. Бұған дейін сол көлікте болған жерлесіміздің бірі, жүргізушінің рөлде қалғып кеткенін айтқан еді. Өйткені апат таңсәріде болған. Бұл сәтте жолаушылардың бәрі ұйықтап жатыпты. Қазір оқиғаны Мысырдың ішкі істер органдары қатаң бақылауға алған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде