Елімізде алғаш рет педофилге химиялық кастрация жасалады
Кішкентай ұл-қыздарды зорлаған азғындардың біріне сот осындай үкім кескен.
Автор: Досжан Маратұлы
03.09.2018
ЛӘЗАТ АҚТАЕВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
-Педофилген химиялық кастрация жасау туралы заңның биыл күшіне енгені белгілі. Ол үшін бюджеттен 9 миллион теңге бөлінген. Әзірге бұл қылмыскерді ұрықсыздандыру туралы соттың алғашқы үкімі.
Бірақ, вице-министр мұндай қатал үкімнің қайда және қашан шығарылғанын ашып айтпады. Белгілісі, екпеден кейін қылмыскер еркектік қуатынан айырылады. Жазаның бұлайша қатаюы бекер емес. Педофилдер 20 жылға дейін абақтыға жабылғанымен, азаймай тұр. Олар биылдың өзінде 80-ге жуық бүлдіршіннің өмірін бүлдірген. Сондай-ақ, омбудсмен Түркістан облысы Абай ауылында өзінен жасы үлкен оқушылардан жәбір көрген 7 жастағы жеткіншектің қазіргі жағдайы туралы айтып берді. Оның айтуынша, бала екінші сыныпқа көшкен. Денсаулығы жақсы. Ал оны зорлады делінген бір оқушы жазаға тартылмақ. Бұдан бөлек, омбудсмен балабақшада бүлдіршіндерді сабайтын тәрбиешілердің жайын да сөз қылды.
САУЛЕ АЙТБАЕВА, ҚР БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ:
-Маған 2 айдың ішінде 80-нен астам шағым түсті. Ата-аналардың, әсіресе, тәрбиешілерге көңілі толмайды. Негізі осы тәрбиешілерді жұмысқа аларда қатаң іріктеп алуымыз керек. Қазір осы мақсатта жұмыс жүріп жатыр. Тиісті құжатты Білім және ғылым министрлігі әзірлеуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!