{metadescription}
Қарағанды облысында жол апаты тағы өліммен аяқталды
Қарағанды облысында жол апаты тағы өліммен аяқталды

Қарағанды облысында жол апаты тағы өліммен аяқталды

Қарағанды Теміртау тас жолындағы жол апаты 2 адамның өмірін жалмады. Екі көліктің бетпе бет соқтығысынан тағы бірнеше көлік бүлініп, 4 адам түрлі жарақаттар алған.

Соққының қатты болғандығы соншалық, қытайлық «Шанган» көлігінің қозғалтқышы бөлініп қалған. Ал 27 жастағы жүргізушісі мен алдыңғы орындықтағы 34 жолаушысын темір жаншып тастапты. Оларды құтқару мүмкін болмады.  Болжам бойынша қарсы бағытқа қатты жылдамдықпен Тойота Ланд Крузер көлігі шыққан. Бетпе бет соқтығысқаны аздай екпінмен келіп, тағы екі «Газель» жүк көліктерін де жанап өтіпті. Салдарынан күре жолда бірнеше шақырымға созылған көлік кептелісі пайда болды.

Айжан Иса,  облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

-Екі адам өкінішке орай қайтыс болды. Ал төрт адам, оның біреуіне қазір операция жасап жатыр. Ол Теміртау қаласындағы орталық ауруханада жатыр. Ал енді үш науқас Теміртау қаласындағы Мақажанов атындағы аурухананың филиалында жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде