{metadescription}
"Африкадағы қазақы бизнес" фильмінің түсіру тобы елге оралды
"Африкадағы қазақы бизнес" фильмінің түсіру тобы елге оралды

"Африкадағы қазақы бизнес" фильмінің түсіру тобы елге оралды

Актерлер қара нәсілді әріптестерімен тығыз жұмыс істеп, халыққа сапалы әрі қызықты кинотуынды ұсынады. Түсірілімі Дубайдан бастау алып, Кенияда жалғасқан комедия желтоқсан айында көрерменге жол тартпақ. Жабайы жануарлардың ортасында өткен оқиғалардан әсер алған актерлер көрерменнің эмоциядан кенде болмайтынына сенімді.

Үш апта Африка құрлығында болған түсіру тобы елге жақсы көңіл-күймен оралды. Менталитеті бөлек, жабайы жануарлары көп ну орманда актерлер түрлі қиындықтарға тап болған. Алайда көрерменге сапалы әрі қызықты өнім ұсыну үшін олар барлығына шыдадық дейді. Бастан кешкен қызықтары да жетерлік.

Нұрлан Қоянбаев, продюсер:

-Бір ерекшелігі, бұл кинода шынайы жануарлармен, солардың ортасында кино түсірдік. Өте қауіпті болды. Кениялық күзеттің арқасында емін-еркін жүрдік. Алғашқы күндері уайымдадық. Сосын үйреніп кеттік.

Кения халқының әдеп-ғұрыпқа берік екенін мына видеодан анық аңғаруға болады. Қазақ актерлері қара нәсілді әріптестерінің ішкі тәртібіне бағынып, түсірілім табиғаты әсем, орман-тоғайға бай ел астанасы - Найробиде өткен. Актерлер ұмытылмас әсер алып, өз рөлдерін шабыттана сомдағанын жеткізді.

Рамазан Амантай, актер:

-Бір қызық жағдай болды. Локацияға сәл қалған кезде арыстан отыр. Кәдімгі тірі арыстан. Сондай қызық жағдайлар көп болды. Көрермен керемет эмоциялар алады.

Көрермен ықыласына бөленген "Бизнес по-казахски", "Бизнес по-казахски в Америке" комедияларының жалғасы бұл жолы екі елде өрбиді. Дубайдан бастау алып, қара құрлықта жалғасады.

Сәбит РАХЫМБАЕВ, сценарий авторы:

-Жақсы фильм шықты деп айта аламын. Қатып қалған сценарийден бөлек, табан астынан көрініс жасау басым. Біріккен Араб Әмірліктері мен Кения, яғни екі елде жұмыс істеу бізге үлкен тәжірибе берді. Масай тайпаларымен орман ішіндегі оқиғалардың әр көрерменді бей-жай қалдырмайтыны анық. Бұл жолы халық күлкіге қарық болады деп ойлаймын.

Ақшадан гөрі ағайындар арасындағы ауызбіршілікті насихаттайтын картинаның түсірілімі толық аяқталып, енді түсіру тобы монтаждау жұмысына кіріспек. Комедияның тұсаукесері желтоқсан айына жоспарланған. Ал фильмді кинотеатрлардан соң КТК арнасы алғаш болып көрсетеді.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.