{metadescription}
Қасымов Ішкі Істер министрлігін реформалауға әзірленіп жатқанын айтты
Қасымов Ішкі Істер министрлігін реформалауға әзірленіп жатқанын айтты

Қасымов Ішкі Істер министрлігін реформалауға әзірленіп жатқанын айтты

Депутаттар сыннан көз ашпайтын соттың, полиция мен прокуратураның қызметін жақсартуға бағытталған заң жобаларын қарауға кірісті. Президент Нұрсұлтан Назарбаев  Үкімет пен Парламентке 7 бағыт бойынша нақты тапсырма берген болатын. Халық қалаулылары жаңа жылға дейін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, туризм, ауыл шаруашылығы  сынды салаларды да дамытуға бағытталған  құжаттарды қабылдан үлгеруі тиіс. Екі айда аймақтарды аралап, кейін шекара асып шетелде демалып қайтқан депутаттар үшін  негізгі  жұмыс күні бүгін басталды.

 «Ақ жол» партиясының Мәжілістегі мүшесі Меруерт Қазбекованың  ресми кездесулері  жұмыс кабинетіне жетпей,  үйінде-ақ басталып кетті. Депутат бізге таңғы ас үстінде отырып, Президент шұғыл қабылдауға пәрмен берген заң жобаларының ішіндегі  экономика, бизнеске қатыстыларын түсіндірді.  Қазбекованың айтуынша, кәсіпкерлікті дамытуға жан-жақты жағдай жасалғанымен,  кез-келген адамның табысты бизнесмен болуы екіталай.

Меруерт Қазбекова, Мәжіліс депутаты:

-Жұмыссыз адамнан бизнесмен жасаймыз  дегенге мен қарсымын. Кәсіпкерлік – ол талант. Ешкімде жоқ, ерекше идеяң болуы керек. Мына бауырсақты сатудың  өзі  үлкен өнер. Бізде кәсіппен айналысуға жағдай жасалған. Бірақ әркім бизнесмен бола алмайды.

Назарбаев  2050 жылға дейін экономикадағы орта және шағын бизнестің  үлесін  50 пайызға жеткізуді талап етті. Әсіресе, еліміздегі туризмді дамытсақ, қомақты табыс табуға мүмкіндік мол деді президент. Ал үкімет  жаз бойы  осы туризмге қатысты шетелдіктердің Қазақстанға  кіріп-шығуын жеңілдететін заң жобасын әзірлеп қойыпты.  Және полицейлер мен  прокурорлардың әділетсіздігін айтып, Президентке шағымданушылар  толастамай тұр екен. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Жалобы со стороны граждан на неполное верховенство наших законов. И отношение правоохранительных органов к нашим гражданам оставляет желать лучшего. Нам надо еще работать над этим.

Ішкі істер министрінен қарамағындағыларды қалай түзейтінін сұрап, білуге тырысқанбыз. Камераны көргеннен  қаша жөнелген Қасымовты қуып жүріп, әрең  дегенде  қысқа жауап алдық.  

Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:

-Бір сөзбен айту  қиын бұл өте ауқымды бағадарлама. Қазір жол картасы әзірленіп жатыр. Бұл жайында кейін толық айтып берем.

Яғни Қасымов қылмыстық істерді қарау жүйесін  жақсарту, полицейлердің адамдармен қарым-қатынасын түзеу үшін  Ішкі істер министрлігі жол картасын қабылдамақ. Ал Жоғарғы сот төрағасы прокурорлар мен полицейлердің міндетін нақты  ажыратып алмайынша, айыптыларды  анықтау мүмкін емес деп отыр. Бірақ қыркүйекте міндетті түрде өзгеріс болады деп болжады Асанов.

Жақып Асанов, Жоғары сот төрағасы:

-Өзгеріс міндетті түрде болады. Ол Елбасының бақылауында. Сол бағытта біз қазір жұмыс істеп жатырмыз.

Бұдан бөлек, Үкімет пен Парламент ауыл шаруашлылығы , тұрғынүй-коммуналдық қызметті дамыту  мен  өзін-өзі жұмыспен қамтып жүргендерді  міндетті медициналық сақтандыру, зейнетақы жүйесіне қосу  үшін қажетті заң жобаларын қабылдауы тиіс.

-Депутаттармен бірге журналистер үшін де жаңа жұмыс маусымы  басталды. Сенатор, мәжілісмендер жыл бойы қабылдаған заң жобалары тілшілердің  назарда болады. Журналистер  осы залда отырып, экрандар арқылы жиынды мұқият бақылайды. Депутаттар мен үкімет мүшелері арасындағы  тартыстың, министрлерге айтылған сын-пікірлер мен заңдарға енгізілген өзгерістердің алғашқы куәсі де -  осы ақпарат құралдарының өкілдері.

Депуттардың оралуымен бірге сол жағалаудағы саяси өмірге де жан біткендей. Енді күллі ел Үкіметте  ауыс-түйіс бола ма деп Ақорда жаққа қарай елеңдеумен отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде