{metadescription}
Назарбаев Алматыға қоныс аударғандарға жер  бөлуге тапсырма берді
Назарбаев Алматыға қоныс аударғандарға жер  бөлуге тапсырма берді

Назарбаев Алматыға қоныс аударғандарға жер бөлуге тапсырма берді

Алматы шекарасын ұлғайту тиімсіз! Бүгін жұмыс сапарымен алып шаһарға келген Президент Нұрсұлтан Назарбаев қаланың бас жоспарымен танысты. Елбасы қала тұрғындарының саны ұдайы өсетіндіктен аудандарды көркейтуге күш салу керектігін қадап айтты.

Президенттің сапары Алматы көшелерін аралаумен басталды. Алдымен шаһар басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа жаз бойы қайта жөндеуден өткен Абай мен өзінің есімі берілген даңғылдарды көрсетті. Әсіресе, жолы тегістеліп, абаттандырылған жаяу жүргіншілер мен веложолақтар адам танымастай өзгерген. Мемлекет басшысына жақында іске қосылған Тимирязев пен Жандосов көшесіндегі жүрдек автобустарға арналған жолақтар да таныстырылды. Президент Алматы қаласының индустриялды аймағына ат басын бұрып, аумақта орналасқан бірқатар өндіріс нысандардың тыныс-тіршілігімен танысты. Тау етегіндегі қаланың басты мәселелерінің бірі - лай көшкіні мен сел екені белгілі. Осы орайда, таулардың беткейлерін нығайтатын, арналар мен бөгеттерді қалпына келтіретін өнімдер шығаратын жаңа технологиялы жапон-қазақ бірлескен зауытын да аралады. Зауыттан шыққан болат арқандар Президентке көрсетілді. Мемлекет басшысы электроавтобустарға отырып, оның артықшылықтарын өз көзімен көрді. Жылына 100 заманауи қоғамдық көлік жасайтын компанияның басты мақсаты  қаладағы экологиялық ахуалдың жақсаруына үлес қосу екен. Нұрсұлтан Назарбаев мегаполистің бас жоспарымен танысып, негізгі міндеттерді Бауыржан Байбекке жүктеді. Соңғы 10 жылда Алматы көлемі 2 есеге өскен.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

-Біз қаласақ та, қаламасақ та Алматыға келіп-кететіндер көп болады. Мұндай халық нөпірінің жүріп-тұруына жағдай жасалуы қажет. Қаланың ішінде жер жоқ. Мұнда көшіп келетіндерге үй салуы үшін мүмкіншілік жасау керек. Қаланың бас жоспарын жасағанда көлік, көше, жолаушылар жолағына дейін қарастыруды ұмытпаған жөн. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде