{metadescription}
Шымкентте жезөкшелердің ыңғайсыз дыбыстарынан мезі болған жұрт Астанадан көмек сұрады
Шымкентте жезөкшелердің ыңғайсыз дыбыстарынан мезі болған жұрт Астанадан көмек сұрады

Шымкентте жезөкшелердің ыңғайсыз дыбыстарынан мезі болған жұрт Астанадан көмек сұрады

Шымкентте жезөкшелерден мезі болған тұрғындар шағым айтты. Қаланың қақ ортасындағы Төлеген Айбергенов көшесін жағалай тұрып, пәтерлерін жалға беретіндер клиенттерге жеңіл жүрісті қыздарды да ұсынады екен. Салдарынан, орталықта тұратындар олардың артынан қалатын ішімдік бөтелкелері мен мүшеқаптан аяқ алып жүруден қалған. Ар-ұяттан безгендерге қарсы қанша шағым айтып, арыз жазғанымен тосқауыл болар бірде бір мекеме болмай тұр.

Қазақтың көрнекті ақыны Төлеген Айбергенов атындағы көшедегі үйлер соңғы 5 жылда жезөкшелердің ордасына айналған. Пысықайлар кезінде мұндағы үйлерден көптеп пәтер алып, оларды сағаттап жалға беруде. Қазір әр подъезде 5-6-дан жалдамалы пәтер бар. Және әрқайсынан күндіз-түні бөтелкенің сылдыры мен сылқымдардың ыңғайсыз дыбыстары естілуде.

Наргиз Ералиева, Шымкент қаласының тұрғыны;

-Жыныстық қатынастың дыбыстары шығады. Түні бойы сол. Бала-шаға сұрайды. Оларға не деп түсіндірем?

Ал түнгі серуеннен ауланы қоқыс басқанын айтпаса да түсінікті. Бүлдіршіндер болса мүшеқапты шар деп үрлеп, ересектердің есін шығаруда. Әбден мезі болған жұрт ескерту жасап, келімсектермен өзінше күресуге көшкен. Тек пәтерді жалға берушілер мен алушылар қазір жұртты ашық қорқытуды шығарыпты

Мария Байдулла, Шымкент қаласының тұрғыны:

- Бала-шағаңды ойласаңдар менің жұмысыма  кедергі болмаңдар деп  айтады. Прокуратураны сатып алғам, полицияны сатып алғанмын, олар маған жұмыс істеуге рұқсат берді, сендер кімсіңдер деп қоқаңдайды.

Ел шулап, тәртіп сақшылары жеткен соң учаскелік полицейлермен бірге жалдамалы пәтердің біріне бас сұқтық. Есікті жалаңаш әйел мен еркек ашты. Погондылармен бірге жапырлай кірген жұрттан сасып қалған болуы керек, масаң үшеу жәй ғана әңгімелесуге келдік дейді.

–Пәтерге ақша жетпей қалды ма?

-Қарызға, иә. Қанша жетпей қалды?

– 3 мың.

– Ал, қыздың қызмет құны қанша екен?

- Қыз емес ол, дос қызым.

Мұндай көріністен әбден шаршаған ел соңғы үш жылдан бері әкімдіктен бастап, полиция, прокуратураға шағымданумен келеді. Тек шенді мен шенеуніктен пайда шамалы. Айтпақшы, әдетте көше бойын жапырлай тұратын пәтер ұсынушылар да камераны көрген соң зым-зия болды.

-Пәтерді жалға беру заңсыздық емес. Бірақ сол пәтерлерге кім көрінген жынойнақ жасап жатқанын тексеру мүмкін болмай тұр. Жауап беруге қиналған болуы керек, әкімдік те ішкі істер департаменті де бізбен бұл мәселе бойынша тілдескісі келмеді. Ал Шымкенттің жеңіл жүрісті сылқымдарын жазбай тануға дейін жеткен тұрғындар құлақ тыншыр күн мен түнді армандаумен келеді.  Сол арман орындалуы үшін жүздеген тұрғын жаппай қол жинап, Шымкенттен шығара алмаған нәтижені Астаналық шенеуніктерден сұрап көрмек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде