{metadescription}
Астанада екпеден соң көз жұмған келіншектің қазасына кінәлілер 5 жылға сотталуы мүмкін
Астанада екпеден соң көз жұмған келіншектің қазасына кінәлілер 5 жылға сотталуы мүмкін

Астанада екпеден соң көз жұмған келіншектің қазасына кінәлілер 5 жылға сотталуы мүмкін

Астанада дәрігерлердің қолында қайтыс болған келіншектің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. 28 жастағы Мақпал Еспенбетова үш күн бұрын көз тұсынан маса шағып, ісігін қайтару үшін  ақ халаттылардың көмегіне  жүгінген болатын.

Оған «преднизолон» деген гормоналды препарат салынған екен. Науқас жүрегінің тоқтап қалуына дәл осы  дәрі  әсер етті ме, ол жағы да жіті тексеріліп жатыр.  Астанадағы  № 1 аурухананың бас дәрігерінің айтуынша, марқұмның бұрын да аллергиясы болған. Ал Мақпалдың туыстары  ақхалаттыларды айыптауда. Айтуларынша, ауруханадағылар  дәрі екпес бұрын жазбаша рұқсат алмаған.  Оны аурухана басшысы да мойындап отыр. Егер дәрігерлердің кінәсі анықталса, 5  жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Марқұмның артында 8 жастағы ұлы мен 6 жасар қызы қалды.

Марат Әбдуов, № 1 аурухананың бас дәрігері:

- Науқасқа алдын ала шок алған деген диагноз қойылды.  Яғни, шоктан өліп кетуі мүмкін. Қай дәрінің  кері әсер еткені  белгісіз. Өзінің бұрын аллергиясы болғандықтан  ағзаны әлсіретіп  бірден асқынуы  да мүмкін.  Қызметтік тексеруді  бастадық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде