{metadescription}
Шенеуніктер астық оруға күн райы кедергі  болмайтынын айтты
Шенеуніктер астық оруға күн райы кедергі  болмайтынын айтты

Шенеуніктер астық оруға күн райы кедергі болмайтынын айтты

Еліміз бойынша бидай ору науқаны ауа райының қолайсыздығына байланысы кешеуілдеп жатқанына қарамастан, үкіметтегілер жақсы болжам айтып отыр. Ал былтыр осындай  уақытта ел диқандары бидайдың тең жартысын жинап үлгерген еді. Биыл бұл көрсеткіш 20 пайызды әрең құраған.

Еліміздің оңтүстік өңірлері дәнді дақырларды жинауды әлдеқашан аяқтады. Қазір тек сыр елінде ғана  күріш орағы әлі жалғасуда.  Ал астықты ең көп егетін солтүстік аймақтардағы  жағдай өте қиын. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарының диқадары үшін толассыз жауған жаңбыр қолбайлау болып тұр. Синоптиктердің болжамы көңіл көншітпесе де, ауыл шаруашылығы министрлігі  биыл 20 миллион тонна астық жиналады  деп отыр.

Сағынтай Жұмажанов, ҚР АШМ Департамент сарапшысы:     

- Республика бойынша шабуға, жинауға жарайтын 15 миллион гектар дәнді дақылдардың бүгінгі күнге 3 миллион гектары жиналды. Бұл 20 пайыз. Өткен жылдары 7,6 миллион гектар жиналған-тұғын. Яғни өткен жылмен салыстырғанда, 4,6 ондық миллион гектарға біз қалып отырмыз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде