{metadescription}
0:000:00
«Астана банкінің» салымшылары банк бөлімшесіне басып кірді

«Астана банкінің» салымшылары банк бөлімшесіне басып кірді

Елордада «Астана банкінің» салымшылары банк бөлімшесіне басып кіріп, ақшаларын талап етті. Өйткені, жарты жылдан бері шоттарындағы теңгесін ала алмай жүрген жұрттың төзімі таусылған. Ал салымдарды шектеп қана беретін банк олардың әр қайсысына ондаған миллион теңгеге дейін берешек.

Бір кездері «Астана банкіне» ақшаларын сеніп тапсырған салымшылар бұл. Енді соған қатты өкініп жүр. Өйткені депозиттегі қаржыны қайтармай сандалтқан банк жұрттың жүйкесін әбден жұқартқан.

ЕЛДАР ТІЛЕУҒАЗЫ:

- Пәтердің ақшасын төлеу керек, баланың ішіп- жемі памперсі бар. Оның бәріне ақша керек. 200 мың теңгемді айына 50 мыңнан береміз деген. Оның өзін бермей жатыр.

Мәселен, Сауле Мұқашева  Семейдегі пәтерін сатып, 9 миллионды депозитке салыпты. Енді Астанадан үй алайын десе, ақшасын қайтара алмай жүр.

СӘУЛЕ МҰҚАШЕВА:

-Қайта-қайта келеміз. Екі айға соза береді. Соңында дым жоқ.  .

Банк бөлімшесіне келіп, осылай шу шығарғандар  ақшасын  түгел қайтаруды талап етті.  Сондықтан бөлімшеге басып кіріп, директордың кабинетіне тартты. Түскі асқа кетіп, клиенттердің тағатын тауысқан бөлім басшысы бірнеше сағаттан кейін әйтеуір төбе көрсетті. Бірақ, наразы топ одан мардымды жауап ала алмады.

ЖАСҰЛАН ТОҒЫЗБАЕВ, «АСТАНА БАНКІ» АҚ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

-Шектеу қашанға дейін болады?

-30 қыркүйекке дейін.  

-30-нан кейін бере ме ақшаларын?

Енді бұл  сұрақ маған емес, Ұлттық банкке, инвесторға қойылатын сұрақтар.

-Яғни, ай соңына дейін банк ешкімге бір тиын да татырмайды. Жарты жылға созылған шектеу енді  тағы ұзартылуы ғажап емес.  Енді мыңдаған клиентіне қарызы қордаланған  «Астана банкінің» жалғыз үміті қалталы инвесторда. Бірақ банктің жағдайы енді оңаларына бүгін  құр алақан қайтқан адамдар мүлдем  сенбейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде