{metadescription}
Маңғыстауда ойын баласы тоққа түсіп ажал құша  жаздады
Маңғыстауда ойын баласы тоққа түсіп ажал құша  жаздады

Маңғыстауда ойын баласы тоққа түсіп ажал құша жаздады

Маңғыстау облысында тоққа түскен баланың беті бері қарап, ауруханадан шықты. Алайда, ол 3 күн бойы комада жатып, әзер дегенде  есін жиған. Қазір бала үйіне жіберілсе де дәрігерлердің қатаң бақылауына алынған.

8 жастағы Данияр сол күні кешкісін  жеткіншектермен көшеде ойнап жүріпті. Кенет электр бағанасынан шығып тұрған әлдебір темірді ұстағанда тоқ соғып, мұрттай ұшады. Демі шықпай сұлап жатқан баланы алғашында өлдіге санаған анасы айқайлап жан-жақтан көмек шақырады. Ал жедел жәрдем жектенше жолай өтіп бара жатқан бейтаныс  қыз Даниярға  жасанды тыныс алу жасап, аман алып қалған. Бірақ баланың өмірімен үш күн бойы арпалысқан дәрігерлер оны әрең дегенде аяғынан тік тұрғызады. Полицейлер оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын бастап кеткен. Ал баланың анасы электр бағанасына жауапты мекеме қызметкерлерінің у-шу басылғаннан кейін ғана ат ізін салғанын айтуда.

Марал Таскебаева, Даниярдың анасы:

-Электриктің  адамдары келіп  лента тұрған жерді дұрыстап  кетті. Сым түсіп қалған ғой. Соны істеп  темірді алып кетті.

Айта кетейік, екі апта бұрын Қарағанды облысында осыған ұқсас  оқиға ауыр қайғымен аяқталған еді.  «Жаңа Қарағанды» бекетінде тоққа түскен 10 жастағы бала бір тәуліктен соң жан тәсілім етті.  Денесі  оңбай күйіп, іш құрылысы зақымданған оның өмірін арашалау мүмкін болмады. Ал құлындағы даусы шығып, шырқыраған бала қанша көмекке шақырса да, жанына ешкім жоламаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде