{metadescription}
0:000:00
Астанада түнгі 11-ден кейін арақ-шарап сатуға тыйым салынғалы жатыр

Астанада түнгі 11-ден кейін арақ-шарап сатуға тыйым салынғалы жатыр

Астанада түрлі шуға шектеу қойылайын деп жатыр. Өйткені қаладағы қаптаған құрылыстың тарсылдаған дыбысы мен беймезгіл шақта көңіл көтеру орындарынан шығатын даңғаза музыкалар астаналықтардың әбден тынышын алыпты. Арыз-шағым тым көбейіп кетті деген қалалық ішкі істер департаменті «Астана қаласының мәртебесі туралы» заңға жаңа ережелер енгізуді ұсынып отыр. Бұл ережелер бойынша, ондай жерлерде түнгі 11-ден кейін алкогольдік өнімдер сатылмауы керек. Ал түнгі 2-де түгел жабылуы тиіс.

Астана тұрғыны Рауан Есқалидың осы күні шыдамы таусылған. Терезесінің дәл түбінде тарсылдап жатқан мына құрылыс екі ай бұрын басталыпты. Жұрт демалып жатыр-ау деген ой олардың басына кіріп-шықпайтын секілді. Оған шыдамаған Рауан тиісті орындарға шағымданған.

Рауан Есқали, Астана қаласының тұрғыны:

-Сағат 8 жарымнан бастап күн батқанша, кешкі сағат 8-ге дейін даңғырлаған шу. Жалғыз екі күніміз бар демалатын. Соның өзінде дұрыстап демала алмаймыз. Терезені жабамыз, терезені жапқанның өзінде естіліп тұрады. Өйткені, мына жерде қандай санитарлық норма бар? 45 децибелдан аспау керек дейді. Одан асып кететін сияқты.

Рауан сияқты жанға маза таппай жүргендер қалада жетіп артылады екен. Құрылыс қана емес, қас қарая тіршілігі қызатын көңіл көтеру орындары да Елорда тұрғындарын мезі етіпті. Мынадай зор дауыс түннің бір уағында караокенің сыртына шығып, маңайды түгел әнге бөлеп жіберетіні бар.Биылдың өзінде соларға қатысты 102 нөміріне келіп түскен шағымдар саны 9 жарым мыңнан асқан. Оларды сараптай келе, қалалық ішкі істер департаменті жергілікті мәслихатқа заң жобасын ұсынып отыр.

София Қылышбекова, Астана қаласы ІІД баспасөз хатшысы:

- Астана қаласының ішкі істер департаменті Астана қаласының статусы туралы заңның жобасына бірқатар ұсыныстар енгізген болатын. Спирттік ішімдікті 23 сағатқа дейін сату. Ал көңіл көтеру орындарының уақытын сағат түнгі екіге дейін қысқарту.

Дегенмен, заң жобасы барлығына бірдей емес. Тек көпқабатты үйлердің бірінші, екінші қабаттарында орналасқан мейрамханалар мен караоке-клубтарға қатысты. Ал құрылыс нормасы бойынша, дыбысы күндіз 35, түнде 25 децибилден аспауы керек.

-Егер заңға осындай баптар енгізілетін болса, ішімдік саудасын қыздырып отырған біраз кәсіпкер қыруар табысынан қағылайын деп тұр. Ұсынылған ережелерді алдымен қалалық Мәслихат жан-жақты талқыдан өткізуі керек. Ал жеке кәсіпкерлердің бұл талаптарға бас изей салуы екіталай. Демек, Астананың тыныштығын қарастыратын заң қоғамның қызу талқысына түсейін деп тұр.>>

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.