Түркияда босанып қалған әйелдің сәбиін елге қайтаруға қаржы табылды
Жомарт жан берген 20 мың доллар жас отбасыны баласымен қауыштырды! Қаржысы болмай, жаңа туған сәбиін Түркияда тастап кетуге мәжбүр болған Васильевтерге аты-жөнін атағысы келмеген кәсіпкер көмектесті. Құпия жарылқаушыдан қомақты қаржыны алған алматылық жанұя бүгін таңертең Анталияға аттанды.
Автор: Аруна Ортай
07.09.2018
Жас отбасы екі жарым ай бұрын Түркияға демалуға барған. Құрсағында 6 айлық баласымен шетел асқан әйел сонда аяқасты босанып қойған. Шала туылған сәбиге қарағаны үшін ондағы перзентханалар тәулігіне үш жарым мың доллар алады екен. Алайда, отбасыда ондай ақша болмай шыққан. Емнің қаржысын төлей алмаған Васильевтер жаңа туған нәрестесін Анталияға тастап, өздері елге қайтқан. Түркияда қалып қойған кішкентай отандасымызға Сыртқы Істер министрлігі араша түсті. Дипломаттар тапқан демеуші сәбидің ата-анасына 20 мың доллар ұстатты. Жомарттық танытқан кәсіпкер аты-жөнін атауды қаламапты. Қуанышы қойнына сыймаған ата-ана екі жарым ай көрмеген қыздарын елге алып қайту үшін бүгін Алматы әуежайынан қайтадан Түркияға ұшты.
Дарья Васильева:
-Мейірімді жанға алғысым шексіз! Ақша тез табыла қояды деп шынымды айтсам сенгенім жоқ! қуанышым қойныма сыймай тұр. қызымды көргенше тағатым таусылып тұр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!