Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Елімізде ауруын жасырған адамдарға айыппұл салынуы мүмкін
Яғни, дәрігердің кеңесіне құлақ аспай, сырқатын асқындырып алғандар әкімшілік жазаға тартылады. Министрлік Денсаулық кодексіне осындай өзгеріс енгізіпті. Шенеуніктер құжатты Парламентке таныстырмақшы.
Автор: Жәудір Оразхан
07.09.2018
Өйткені, адамдардың жеке жауапсыздығынан елімізде созылмалы дертке шалдыққандар көбейген. Науқастар дәрігерлердің кеңесіне дер кезінде құлақ аспайды немесе ауруын өз бетінше емделгілері келеді дейді министр. Енді шенеуніктер азаматтардың өз басы мен балаларының өміріне деген жауапкершілігін арттыру үшін денсаулығына салғырт қарағандарға айыппұл салмақ. Мұндай тәжірибе шетелдерде де бар екен. Бұл жаза вакцинадан бас тартқандарға да қатысты.
Елжан Біртанов, Денсаулық сақтау министрі:
-Көп жағдайда балалар ауырып немесе қайтыс болады, сол ата-ананың жауапкершілігінің төмен болғанынан. Осы мәселені біз талқылауымыз керек. Жалпы, профилактикаға, әр адам өзінің денсаулығына ие болу керек. Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде. Кодекске көп ұсыныс енгізіп жатырмыз. Қоғам қабылдай ма, қабылдамай ма, көреміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram