{metadescription}
0:000:00
Сүлейменов теңгенің құлдырауын девальвация емес деп атады

Сүлейменов теңгенің құлдырауын девальвация емес деп атады

Бұл девальвация емес! Бүгін Ұлттық экономика министрі күн сайын құлдырап жатқан теңге бағамына қатысты осындай   мәлімдеме жасады. Тимур Сүлейменовтың айтуынша, девальвация болады деп қауіптенуге негіз жоқ. Десек те, АҚШ пен Ресей арасындағы "санкция соғысы" Қазақстанға кесірін тигізбесі үшін ауқымды жоспар әзірлеп қойған.  Бұған қарамастан теңге неліктен құнсызданып жатыр?

Теңгенің болашағы доллар мен рубльге байланысты боп тұр. Оның үстіне державалардың өзара  қақтығысы да нарықтағы ахуалды ушықтырып отыр. Ал, дәл қазір доллар 378-379 кейбір жерлерде тіпті 380-нен сатылып жатыр. Енді Ресейдегі экономикалық жағдай оңалмаса, теңгенің өсе қоюы екі талай дейді сарапшылар.

Ал  қазір жұрт  теңгенің әлсіреуінен импорттық түрлі тауарлар мен азық-түлік бағасы қымбаттай бастады. Қарапайым халық артық теңгесін қалай үнемдеймін деп жүргенде, Ұлттық экономика министрі тым сабырлы. Айтуынша, төл ақша құлдырағанымен мұны девальвация деп айтуға болмайды. Әрі құнсызданудың кесірінен айтарлықтай инфляция болмайды екен.

ТИМУР СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:

-Инфляция болатындай ұлттық ақшамыз қатты құлдырап жатқан жоқ. Долларға шаққанда небары 10-20 пайызға төмендеді. Бұл азық-түлік те 10-20 пайызға қымбаттайды деген сөз емес. Біз 80 пайыз өз өзімізді қамтамасыз етіп отырмыз. Сондықтан баға өседі деу қисынсыз.

Яғни, инфляция деңгейі белгіленген дәліздің ішінде болады дейді министр. Нақтырақ айтсам 6,7-6,8 пайыздың шамасында. Бірақ, бірнеше күн бұрын Ұлттық банк төрағасы инфляцияның деңгейі 7-пайыздан да асып кетуі мүмкін екенін айтып ескерткен еді. Сол кезде Данияр Ақышев бұған Ресейге салынған санкция себеп деген. Бірақ, бүгін Тимур Сүлейменов мұны жоққа шығарғандай. Айтуынша, бұдан еліміздің экономикасы айтарлықтай зардап шегіп жатқан жоқ. Бірақ, сақтық үшін, санкцияға қарсы ауқымды жоспар әзірлеп қойыпты. 

ТИМУР СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:

-Біз санкцияның сауда саттыққа, бағаға, әсіресе теңгеге қаншалықты әсер ететінін талдадық. Зерттеу көрсеткендей айтарлықтай қауіп жоқ. Бірақ, жағдай ушығып кетуі де ғажап емес. Сондықтан нарықта тұрақтылықты сақтау үшін арнайы жоспарымыз бар.

Сарапшылар ұлттық ақшаның әлсіреуіне әдеттегідей АҚШ-тың Ресейге  салынған санкциясы себеп дейді. Әрі төл ақшаның құнсыздануын девальвация емес, уақытша құбылыс деген шенеуніктердің сөзін жоққа шығарды.

МАҚСАТ ХАЛЫҚ, ЭКОНОМИСТ:

-Девальвация болу үшін әдетте бекітілген курс болған. Сол кезде қолданатын. Ал, енді еркін айналымға өткен соң девальвация дегенді айтпау керекпіз деген сөздер айтылып жүр. Бірақ, ұлттық валютаның басқа валютаға қатысты әлсірегенін девальвация дейміз болды. Нүкте.

Оның үстіне сарапшылар үкімет халыққа қанша басу айтқанымен доллар өсе түсетінін айтады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде