{metadescription}
0:000:00
Оңтүстік Астанада көпсалалы замануи кешен ашылды

Оңтүстік Астанада көпсалалы замануи кешен ашылды

 Қаланың қақ ортасында орналасқан ғимараттың атауы «Абылай Хан Плаза». 11 қабатты нысанда «Меркюре» төрт жұлдызды қонақ үйі, сауда және бизнес орталықтары бар. Ал сәулетіне Италиялық кәсіпкерлер қолдау білдірген. Кешеннің ашылу салтанатына қала әкімі Бауыржан Байбек пен шетелдік инвесторлар қатысты.

Дәмді тағамдар, жайлы демалыс орындары! Туристер мен қонақтар үшін бұл нысан қолжетімді баспанаға айналғандай. Еліміздің тарихы мен дәстүрін дәріптейтін кешен қазақи оюлармен әрленіп жасалған. Ал жоба Қазақстан, Франция және Италия сәулетшілерінің идеясымен жүзеге асырылыпты.

-Ғимараттың жалпы аумағы -42 630 шаршы метрді құрайды. Ал құрылысына тек ИТАЛИЯЛЫҚ материалдар жұмсалған. Кешенде бизнес аудиториялар, ойын-сауық орталықтары және ас ішіп демалатын орындар бар.

Джованни Рубини, «Ренко» компаниясының бас директоры:

-Бұл көпсалалы кешенді тұрғызу оңай болмады. Жоғары сапалы материалдар мен жаңа технология қолданылды. Жалпы Алматы туризм қаласы. Осында келген қонақтар қала жайлылығын бірден сезінеді деген ойдамын.

Ал көлік қоятын жерасты тұрақтарының 3 түрі қамтылыпты. Сондай-ақ, фитнес орталықтары мен түрлі СПА салондары бар. Ал мейрамханада ұлттық тағам түрлерінен бастап шетел ас мәзіріне дейінойластырылған. Халықаралық қонақ үйдің бөлмелері қазақи дизайнмен, қымбат жиhаз түрлерімен  ерекшеленеді. 

Алексис Делароф, Ресей және ТМД елдеріндегі «Accor Hotel Services» директоры:

-Бұл қонақ үй замануи жаңа нысандармен жабдықталған. Және тазалық әр кезде бірінші орында. Біздің нөмірге кірген бетте сізде жайлылық пен тазалықтың үйлесімділігін бірден байқайсыз. Және қауіпсіз шаралары қатаң сақталған. Кез-келген апатты жағдайдың алдын-аламыз деп ойлаймын.

Ернар Құрмашев, «Almaty Film Festival» бас продюсері: 

-Біз мұнда фестивалі орталығымызды аштық. Өте ыңғайлы, сапалы және таза.  Түрлі проекторлармен жабдықталған конферения залдар, жалпы қажеттінің бәрі бар. Шет елдерден келетін қонақтарымыз осында тұратын болады. Оларға өте жайлы болады деген ойдамын.

Кешеннің ашылу салтанатына қала тұрғындары мен шетелдік қонақтар келді. Сондай-ақ, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек мырза да осында. Ол құттықтау сөзін айтып, салтанатты ашылу рәсімін қызыл лентаны кесіп, бастап берді. Артынша мерекелік концерт басталып түрлі қойылымдар көрсетілді. Айта кетейік, көпсалалы нысан қала күніне орай ашылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.