Теміртауда Елбасы келер алдында егілген гүлдер қоқысқа тасталып жатыр
Қарағанды облысында ампельді шырайгүлдерге қатысты тағы дау шықты. Елбасының келеріне арнап Теміртаудың саябағына отырғызылған гүлдер, мәртебелі қонақ кете сала қоқысқа тасталған.
Автор: Саят Сабдалы
10.09.2018
Голландиядан аттай қалап алдырған гүлдер бірнеше күн ғана жайқалып өтті. Бұларды Қарағанды қалалық саябақтарды басқару бөлімі Елбасы сапараның алдында Теміртауға арнайы тарту еткен екен. Ал президент кетісімен, шырайгүлдер түп тамырымен жұлынып, қоқысқа жіберілді. Шенділер асығыс отырғызылған гүлдердің саябақты жерсінбегенін айтады. Сондықтан оның орнына басқаларын отырғызатын болыпты. Шетелден алынған бір түп шырайгүлдің құны 450 теңге. Қоғамдық кеңес жылдың басында осы гүлдердің құнына қатысты наразылық білдірген еді. Соған қарамастан жергілікті билік шырайгүлдерді сатып алуға бюджеттен 120 миллион теңгені бөле салған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!