Дариға Назарбаева сарбаздардың жағдайымен танысты
Сарбаздар мен офицерлердің қарны тоқ, киімдері бүтін болуы тиіс. Әрі олар баспанамен міндетті түрде қамтылуы қажет. Өскемендегі Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында жұмыс сапарымен болған сенаторлар осылай деп мәлімдеді.
10.09.2018
Дариға Назарбаева бастаған делегация алдымен жауынгерлік басқару орталығында, сосын 5518 әскери бөлімінде болды. Халықаралық қатынас, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелеріне мұндағы материалдық техникалық база, қару-жарақ таныстырылды. Тіпті сенаторларға жауынгерлердің ішіп-жемі, жатын орны, киім-кешегіне дейін түгел көрсетілді. Қарулы күштің әл-ауқатына қаныққан мәртебелі меймандар, корғаныс жүйесін күшейту үшін әскерилердің әлеуметтік жағдайын түзеу керек дейді. Ең өзектісі оларды баспанамен қамту. Ал бұл тұрғыда атқарылған жұмыс аз емес.
Нестай Әлкешов, Ұлттық ұлан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары:
-2018 жылдан бастап әскери қызметшілерге, офицерлерге екінші банктарде арнайы шот ашылып, соларға болашақта үй алу үшін бөлініп отырады. Әр ай сайын әрбір қызметкерге осы Өскеменнен алатын болса 24 мыңнан өзіне және әр отбасы мүшесіне 24 мыңнан. Бұл алып отқан жалақысынан тыс.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!