{metadescription}
Бекболат Тілеухан көкпар төңірегіндегі дауға жауап берді
Бекболат Тілеухан көкпар төңірегіндегі дауға жауап берді

Бекболат Тілеухан көкпар төңірегіндегі дауға жауап берді

Жеңілістен трагедия жасаудың қажеті жоқ! Бүгін Ұлттық спорт қауымдастығыДүниежүзілік көшпенділер ойынында шыққан жанжалға қатысты түсінік берді. Қауымдастық басшысының айтуынша, Қырғызстанда өткен көкпар жарысында қазақ-өзбек кездесуі әділ болған. Біздің спортшылар барын салғанымен, бағы жанбапты. Бірақ айырқалпақты ағайын бұған сенер емес. Жерлестеріміз финалда қырғыздармен жолықпас үшін, жеңісті әдейі бере салды деп  әлі айыптап жатыр.

Дүниежүзілік көшпенділер ойынында дау тудырған осы қазақ-өзбек көкпаршыларының кездесуі. Жартылай финалдың басында еліміздің шабандоздары алға шыққан болатын. Бірақ кейін ала шапандыларға  есе жіберіп, 4:5 есебімен ұтылып қалды.

-О бітті мінеки. Құттықтаймыз. Өзбекстан құрамасы жеңді!

Бірақ финалға өткен өзбектер кейін қырғыздармен жолығып, 32:9 есебімен жеңілді. Сөйтіп, бірінші орынды айырқалпақтылар иеленді. Ал, үшінші орынды місе тұтқан біздің  көкпаршылар мұндай сәтсіздікті дайындықтың жоқтығымен түсіндірді. Тіпті, Қырғызстанға жарысқа келгенде аттары болмай, ұйымдастырушылардан сұрап әрең тауыпты.

-Қырғызстан дайындалған әбден дайындалған үш ай. Кім дайындалады сол жеңеді. Біз дайындалған жоқпыз.

-Біздің балалар осылардан кем емес. Бір күн де дайындалған жоқ. Түнде ұйықтап жатқан жерімізден оятып алып кетті. Қырғызстанға ойынға барамыз деп.

Бірақ шабандоздарымыздың бұл сөзіне көршілеріміз сенбей отыр. Тіпті, қазақтар финалда қырғыздармен жолықпау үшін өзбектерден әдейі жеңілді деп айыптауда.

-Бұл спорт қой. Неменеге саясатты араластырып отырсыңдар? «Көк бөріден» неге сонша қорқасыңдар? Бұл ойын ғой, спорт қой. Жігітше ойнап, күліп жайнап кетпейсіңдер ме, елдеріңе? Өзбекстан өмірі көкпар ойнаған жоқ. Қайтіп ұтылып барасыңдар, елдеріңе? Қай беттеріңмен барасыңдар? 

Бірақ Талас Бекәлиевтің бұл сөзіне спортшыларымыз «дұғада болайық» дегеннен басқа ештеңе айта алмады.

-Біз қолымыздан келгенді істедік. Сіздер дұға қылыңыздар Біз дұға жасап жатырмыз. 

Көкпаршылар дұға сұрап жүргенде, бүгін ұлттық спортқа жауапты

Бекболат Тілеухан үлкен даудан соң ел алдына шығып мән-жайлды түсіндірді. Айтуынша, Шолпан Атада өткен жарыста спортшылар барын салған. Бірақ, жартылай финалда қарсылас басым түсіпті.

БЕКБОЛАТ ТІЛЕУХАН, ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

-Бұл кемсіту ғой кісіні, өзбек кімнен кем? Өзбек ол спорт державасы біліңіздер ағайын. Ол ешкімнен кем емес. Сосын онда ойнаған үлкен сақа жігіттер. 30-ға таяп қалған. Бізде ойнаған жастар командасы. Өте лайықты ойнады. Бір емес екі емес бірнеше жиындар өткіздік. Атпен шақырған жақ қамтамасыз етеді. Франциядан біреу ат әкеле ме, Француздар келді. Америкадан біреу әкеле ме? Әкелмейді.

Яғни қырғыздар айтқандай жеңісті жайдан-жай бере салған ешкім жоқ дейді Тілеухан.

- Сондай-ақ, Бекболат Тілеухан  осы даудан кейін одан қызметін босатуды талап еткендерге де жауап берді. Айтуынша, Ұлттық спортты дамытуға лайықты адам болса, қауымдастықтың креслосынан бүгін кетуге дайынмын дейді.  Ал,  соңы дауға ұласқан 3-Дүниежүзілік көшпенділер ойынында Қазақстан 37 спорт түрінен 18 алтын, 24 күміс, 30 қола алып, жалпы есепте екінші орынға ие болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде